Әділет Жауғашармен сүйіскен Ақбота-Нұр талқыға түсті
Әлеуметтік желі қолданушыларының бір бөлігі құттықтап жатса, енді бірі даттап жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Әнші Әділет Жауғашар желіге актриса Ақбота-Нұрмен түскен видеосын салды. Бейнеден оның Ақботаның бетінен сүйгенін көруге болады.
Жас әншінің бұл әрекеті кей адамдарға ұнамай қалған сияқты, дегенмен оны қолдап жатқандар да аз емес.
"Несі бар? Ұнатса, үйленсін! Баласы болса не болыпты", "Әділет пайда іздеп жүрген жігіт қой", "Ақботаның баласы болса да, мынаған қарамайды", "Жақсы жұп болушы еді", "Әркімнің бақытты болуға қақысы бар", "Екеуі бір-біріне ұқсайды, бақытты болсын", — деп жазып жатыр оқырмандар.
Актриса, әнші Ақбота-Нұр Сейітмағамбет жас әріптесі Әділет Жауғашармен бұған дейін де әлеуметтік желі қолданушыларының көзіне түскен болатын.