Ағартушы бейнесін елге танытқан еңбек

Ағартушы бейнесін елге танытқан еңбек

Кеше ҚР Ұлттық кітапханасында Шәмсия Қалжанованың «Санат» баспасынан жарық көрген «Қалжан Ахун» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
Қалжан Ахун Бөлекбайұлы 1862 жылы дүниеге келген. Қалжан Ахун – ғалым және діни ағартушы. Ол араб, парсы тілдерін жетік меңгеріп, Хиуа мен Бұхарада (Көкел-таш медресесі) жоғары білім алып, Қызылорда облысының Тереңөзек ауылын­да ағартушылық қызметтермен айналыс­қан. Қалжан Ахун ислам дінін насихат­тау­мен шектелмей, өз шәкірттерін шығыстың ғылыми және рухани бай мұрасымен таныстырған. 
Бұл кітап – Қалжан Ахунның немересі Шәмсия Уамыққызы Қалжанованың 2002 жылы «Санат» баспасынан жарық көрген «Қалжан Ахун» атты кітабының 2012 жылы қазақ тіліне аударылып шыққан басылымы. Кітапқа Уамық Қалжанұлының және оның замандастарының ҚР Ғылым академиясының, М.Әуезов атындағы Өнер және әдебиет институтының мұрағатта­ры­нан табылған өлеңдері енгізілді. Кітапта қазақ халқының тарихында күрделі із қал­дырған XIX ғасырдың тарихи кезеңдері орын алған. Автор Қалжан Ахунның өмірі мен еңбек жолын, жарқын бейнесін еліне танытқан, ұрпақтарына жеткізген, әкесінің адал еңбегін теріс таныған кеңестік саясат­тың қудалауына ұшыраған Уамық пен Ма­ғұ­мардың еңбектерін ашып жазған. Тұсау­кесерге автордың отбасы, мемлекет және қоғам қайраткерлері, кітапхана оқырман­дары мен қызметкерлері қатысты.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста