Агата Кристи қазақша сөйледі

Агата Кристи қазақша сөйледі

Жуырда «Туран-Азия» холдинг-орталығы Дэн Браунның  «Да Винчи Коды» (тәржімалаған: Мекеев Б. Т.) және Агата Кристидің «Лорд Эджвердің өлімі» (тәржімалаған:С. Арпабеков) атты кітабын қазақ тіліне аударып басып шығарды. Алдағы уақытта «Алаш айнасы» отандық және шетелдік жазушылардың жаңа кітаптары туралы ақпараттар беріп тұрмақ.
Қазіргі уақытта  мемлекеттік тапсырыс аясында қазақ тіліндегі көркем әдеби кітаптарды басып шығару және оны тарату ісі біршама жолға қойыла бастады. Еліміздегі баспалардан жыл сайын әртүрлі сериялар бойынша шығып жатқан кітаптар аз таралыммен болса да, ең бірінші кезекте республика кітапханалары мен кітап дүкендеріне таратылуда. Мемлекеттік тілдің қолдану аясын ұлғайтып, әдебиетіміздің көкжиегін кеңейтетін бір сала – көркем аударма. Бұл бағытта да жергілікті аудармашылар бүгінгі оқырманға қажетті де қызықты делінген шетел жазушыларының туындыларын тәржімалауда. Бұл өз кезегінде қазақ оқырмандарының әлем әдебиетімен өз ана тілінде сусындауына мүмкіндіктер бермек.
Бүгінде «Туран-Азия» холдинг-орталығы алыс-жақын шетелдік авторлардың үздік көркем туындыларының қазақ тіліндегі нұсқасын тәржімалап, бұрынғы басылғандарын жаңаша редакциялап шығарумен айналысып келеді. Өткен 2013 жылы француз жазушысы Александр Дюманың атақты «Үш Ноян» (тәржімалаған:Ә.Жұмабаев) және «Граф Монте Кристо» (2 том, тәржімалағандар: Ә.Жұмабаев, Қ.Жұмағалиев) атты кітаптарының қазақ тіліндегі нұсқасы әрқайсысы 3000 таралыммен жарық көрді. Әлем әдебиетінің озық туындыларын қазақ оқырмандарына ұсынып келе жатқан холдинг-орталықтан  бұған қоса
Жаңа жарық көрген және алдағы кезде басылып шығатын аударма кітаптарға жекелеген адамдар, оқу орындары мен кітапханалар арнайы тапсырыс беріп алдырта алады. Аталған кітаптарды  262-14-28, 262-14-42, 262-14-36 (117) телефон нөмірлеріне хабарласып, тапсырыс беру арқылы алуға болады немесе мына электронды мекен-жайға жазып жіберсеңіздер болады: ak_lima_90@mail.ru.
«Туран-Азия»  Холдинг-орталығының көркем аудармаға қатысты игі жобасы алдағы уақытта да жалғасын тауып отырмақ.

Керек дерек
Қазір еліміздегі ЖОО-ларда білім алып жүрген 600 мыңнан астам жастың 52 пайызы мемлекеттік тіл – қазақ тілінде білім алады. Алдағы жылдарда мемлекеттік тілде білім алатын жастар 70 пайызға жетеді деп күтілуде. Бұл еліміздің жоғары оқу орындарына қазақ тіліндегі оқулықтар мен көркем әдеби кітаптардың молынан  қажет екенін айқындай түседі. Ресми есеп бойынша қазіргі күні елімізде 50 миллион кітап болса, мұның 8 миллионға жуығы ғана қазақ тілінде екен. Бұл бізден қазақ тіліндегі оқулықтар мен кітаптарды көптеп шығаруды талап етеді.
Бүгінде жоғары оқу орындары үшін аса қажет базалық оқулықтар мен өзге де көркем кітаптарды басып шығаруға мемлекет бюджетінен бөлінетін арнайы қаржы көлемі жыл сайын өсіп отырғандығын айта кеткен жөн.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста