Аяғын көкке көтерген Гүлназ Жоланова елден оңбай сөз естіді (фото)
Отандық танымал актриса Гүлназ Жоланова желіде театр алдында аяғын көкке көтеріп түскен суретін жариялап, дауға тап болды. Қалық көпшілік өнер иесінің бұл әрекетін аса ерсі санап, оны сынап тастады деп жазады KAZ.NUR.KZ.
 
Гүлназ Жоланованың соңғы бөліскен фотосы Instagram желісінде шу тудырды.
 
Суретте актрисаның Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының ғимараты алдында аяғын көкке көтеріп тұрғанын көруге болады.
 
Желі қолданушылары киножұлдыздың бұл қылығына шүйлігіп, оған қатысты қандай ойда екенін ашық жазды. Олардың басым көпшілігі Жолановадан мұндайды мүлдем күтпегенін алға тартты.
 
Пікір білдірушілердің ойынша, өнер иесінің әрекеті аса ерсі болып көрінеді.
 
"Сен де бір түрлі бола бастадың. Не көрінді?" , "Сізге не болған Гүлназ?", "Көз тиді сізге. Қатты құрметтейтін едім. Енді айтарға сөзім жоқ" , "Не тұрыс? Ұят қайда?" , "Не істерін білмей жүрген адамның тірлігі" , "Сен қыз соңғы кезде бір түрлі болып кеттің. Оданда бір жақсы киноға түс я болмаса теңіңді тауып отбасын құр. Бұл не жүріс енді аяқты аспанға көтеру қалдыма? Оданда тұрмысқа шығып бала ту, өмір өтіп барады" , "Сөзім жоқ. Жұлдыздардың барлығы осы. Қаншама ел қарайды. Сонда театр алдында аяғын көтеріп мақтанып тұрғаны ма" , - деп жазуда көпшілік.