Айдана Меденоваға оқырманы тіл тигізді
Танымал әнші Айдана Меденова күні кеше орнынан тұра алмай, ауырып қалған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Дәрігерлер оған неврит деген диагноз қойыпты. Бір сөзбен айтқанда әншінің жүйке талшықтары қабынған.
Дәл қазір Меденова ауруханада ем қабылдап жатыр.
instagram.com/aidanamedenova_officialpage
Әнші әр қадамын желіге салып, оқырмандарымен бөлісіп отырады. Бұл жолы да Айдана өзінің ауырып жатқан суретін Instagram-дағы парақшасына жүктеген болатын. Онда Меденованың қолына аспа укол салынған.
nstagram.com/aidanamedenova_officialpage
Суретті көрген әншінің оқырманы оны қолдаудың орнына, керісінше оған жаман сөз айтып, тіл тигізді.
Жаның қиналып жұмыс жасап жатқан жоқсың. Оның үстіне үй жинап, дала сыпырмайсың. Не ауру, не тәлпіш? — деп жазды әншінің оқырманы.