...Әйелдің ашуы төсектен қайтады, - Гүлнұр Мамасарипова
Продюсер Гүлнұр Мамасарипова әйелдің ашуын қайтарудың жолын айтты, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі The real gap бағдарламасына сілтеме жасап.
Қазақ киносына өз үлесін қосып келе жатқан продюсер Гүлнұр ханым енесінің өзін қалай тәрбиелегенін айтып берді. Келін болып түскен күннен бастап-ақ бір мақалмен бәрін орнына қойған енесінің сырымен бөлісті ол. Сонымен қатар, әйел мен еркектің ашуын қайтарудың жолын айтып берді.
"Менің енемнің ең сүйікті мақалы бар. Шамалы анайылау. "Еркектің ашуы тамақтан қайтады, әйелдің ашуы төсектен қайтады" дейді ол кісі. Келін болып түскен күннен бастап, осы мақалды құлағымызға құйып тастаған. Бұл нұсқаны балалары білмейтін шығар", - дейді Гүлнұр Мамасарипова.
18 жасында тұрмысқа шыққан продюсер өзінің өмірлік режимі туралы айтып берді. Жан-жақты Мамасарипова ханым, күйеуімнің жағдайын жасамасам, өзгесіне үлгермейтін едім деп ағынан жарылған. Кешкі сегіз шамасында үйіне барып, күйеуіне тамақ беріп келіп, қайта жұмысқа оралатынын жасырмады ол.
"Мен 18 жасымда тұрмысқа шыққаннан бастап, үйде ең көп отырғаным екі ай болыпты. Қашанда сабақ, жұмыс деп жүгіріп жүремін. Бірақ үнемі енемнің баласының қарнын тойдырып, үйімді жинап, кірімді жуып, киімін дайындап қоймасам, жұмысты тастауға тура келер еді. Мұны ерлік деп ойламайын. Бұл міндет", - дейді Гүлнұр Мамасарипова.