Әйелі менен қызғанып жүрмесе болды - Дана Кентай
Жақында жас әнші Нұрсұлтан Нұрбердиев шаңырақ көтерді. Жарын ұзатып емес алып қашты. Дүбірлі тойда әріптесі Дана Кентай қонақ болдып келді. Екі жасқа бақыт тілеген әнші қызғаныштың орынсыз екенін айта кетті.
 
Бұл туралы Paparazzi бағдарламасында айтылды деп хабарлайды stan.kz.
 
Нұрсұлтан Нұрбердиев жарын алып қашқанын айтқан еді. Ұлан-асыр той жасаған өнер иесінің қуанышында танымал әншілер қонақ болып келді. Олардың ішінде Дана Кентай бар. Бұған дейін Дана мен Нұрсұлтан әнге бейнебаян түсірмек болған. Алайда тойдың дайындығымен Нұрсұлтанның қолы тимеген екен. Алдағы уақытта бұл жоспарды орындаймыз деп асықты әнші. Онымен қоса жас келінге айтары бары.
 
"Мен қазір сөз сөйлегенде келінге айтайын деп тұрмын. Ертең Нұрсұлтанды менен қызғанып жүрмесін. Біз жай ғана доспыз. Ел арасында бізді қыз-жігіт деп көретіндер бар. Бірақ ол шындық емес. Сондықтан алдағы уақытта бірдлесе жұмыс жасасақ, қызғаныш болып жүрмесін деп ескерткім келген", - деді Дана Кентай.
 
Бұған қатысты Нұрсұлтан Нұрбердиев не дейді?
 
"Әсел екеуміз бұл туралы сөйлесіп, шешіп қойғанбыз. Менің әнші екенімді, өнер адамы екенімді біледі. Сондықтан ондай артық әңгіме, қызғаныш деген болмайды. Әсел кімге тұрмысқа шығып жатқанын біледі. Мен бәрін түсіндіргенмін. Өнерге өнер деп қарайды деп ойлаймын", - деді әнші.
 
Нұрсұлтанға тілектен өзге сын айтқан достары да бар.
 
"Мен ерте үйленгенмін. Нұрсұлтан кеш үйленіп жатыр деп ойлаймын. Мен оның жасында 3 баланың әкесі едім. Ерте үйленген дұрыс", - деді "Диета.кз" тобының әншісі Жасұлан.
 
Ал Сайлаубек тойға арнайы Стамбұлдан келгенін айтты.
 
"Мен Стамбұлдан таңертең ұшып келдім. Негізі ол елде 2 апта болуым керек болған. Алайда інімнің патша көңілін қимадым. Тойға арнайы келдім", - деді ол.
 
Бұл тойға Сәкен Майғазиев, Сайлаубек, Мақсат Базарбаев, Дана Кентай, Өмірқұл Айниязов, Нұрлан Еспанов сынды бірқатар өнер жұлдыздары келді. Қуанышқа ортақтасып, бір ауыз жылы лебізін білдірді. Тойға құтты болсын айтты.