Айған Жолдасова: Димаш ауырып қалмағанда бұдан да жақсы өнер көрсетер еді

Айған Жолдасова: Димаш ауырып қалмағанда бұдан да жақсы өнер көрсетер еді

АЙҒАН ЖОЛДАСОВА: «ДИМАШ АУЫРЫП ҚАЛМАҒАНДА БҰДАН ДА ЖАҚСЫ ӨНЕР КӨРСЕТЕР ЕДІ»
Қазақстандық жас әнші Димаш Құдайберген Витебскте өткен «Славян базары-2015» ХІІІ халықаралық эстрадалық ән орындаушылар байқауында бас жүлдені иеленді.

Димаш конкурстың бірінші күнінен көш бастап, жалпы 90 ұпайдың 89-ын алған болатын. Байқау барысында ол «Опять метель» және француздың «Sos dun terien un detresse» әнін орындады. Сайыстың екі күннің қорытындысы бойынша 175 балл жинады.

Үш күн бойы жалғасын тапқан байқауда Димаш барша көрермендер мен қазылар алқасын таң қалдырды. Сонымен қатар, қазақстандық өнерпазға 20 мың доллар көлемінде ақшалай сыйлық табыс етілді. Айта кету керек, ол «Славян базары» байқауында бас жүлдені алған ең алғашқы қазақстандық әнші.

Осы орайда Лұқпан Жолдасовтың жары Айған Жолдасова өз пікірін білдірді.

«Біздің отбасы мен Димаштың отбасы жақын араласамыз. Ол өзі Астанада оқиды, ал ата-анасы Ақтөбе қаласында тұрады. Олар Алматыға келгенде міндетті түрде біздің үйге келіп, қонақ болады. Сондықтан, мен Димашты бала күнінен білемін. Алғашында оның ән айтатынын білмейтінбіз. Бір күні ол ән айтып отырғанда таланты бар екенін байқадық. Оның «Славян базары» байқауына қатысатынын естіген кезде, үлкен үміт арттық. Себебі, Димаш кез-келген, тіпті жоғары ноталы әндерді еркін айтады. Диапазоны кең, мүмкіндіктері мол әнші. Өнерді жоғары бағалайды. Тек музыкамен өмір сүреді. Осы жағынан Лұқпанға қатты ұқсайды, мінезі де. Оны Димаштың ата-анасы да айтып отырады. Осы байқауға да барын салып дайындалды. Бірақ, конкурсқа бір күн қалғанда тамағы ауырып, тіпті ән айтуға да, сөйлеуге де болмайтынын айтқан екен. Сол кезде бәріміз қатты алаңдадық. Ауырып қалмағанда бұдан да жақсы өнер көрсетер еді. Дегенмен, бәрі жақсы болды. Ауырғанның өзінде жақсы нәтиже көрсете білді. Ол ,немі қандай жағдай болмасын, жол таба біледі. Қазір ата-анасымен әлі Витебскте, қашан келетінін білмейміз. Әзірге мазаламауға тырысып отырмыз», — деді Айған Жолдасова.

baistars.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста