Әйгерім Қалаубаева Нұрлан Әлімжанмен арадағы қатынасы туралы шындықты айтты

Әйгерім Қалаубаева Нұрлан Әлімжанмен арадағы қатынасы туралы шындықты айтты

Танымал әнші Әйгерім Қалаубаева ел арасында жеке өміріне қатысты тарап кеткен қаңқу сөздерге жауап беріп, Нұрлан Әлімжанмен қарым-қатынасы туралы шындықты айтты. Оның айтуынша, Нұрлан екеуі бір-бірінің сырын он алты жылдан бері жақсы білетін, сырлас достар.

Бұл туралы ол 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасына айтып берді.

Әйгерім мен Нұрлан Әлімжан бірнеше әнді бірге айтып, тойлар мен түрлі іс-шараларды бірге жүргізіп жүр. Жуырда тіпті олар «Екеуіміздің әніміз неге бөлек?» деп аталатын романтика мен сезімге толы сырлы әніне бейнебаян түсірді.

Дәл осы әрекеттері олардың өзара байланысы туралы ақпараттың тарауына негіз болып, жұрт қос әншінің арасында сезім бар ма деген сұраққа жауап таппай дал болған-ды. Енді Әйгерім осы әңгімелерге нүкте қойып, шындықтың басын ашуға бекініпті.

«Бұл жалған ақпарат. Нұрланның жеке өмірі және менің де жеке өмірім бар. Екеумізді байланыстыратын — ұлы өнер. Бұл бейнебаянға өзіміз түсейік деп шештік. Өйткені ондағы сезімді өзіміз көрсете аламыз деп ойладық. Нұрлан да, мен де актерлік шеберліктен кенде емеспіз. Екеуімізді достық, әріптестік байланыстырады. Әрине, бір-біріміздің сырымызды өте жақсы білеміз. Өйткені бір-бірімізді 16 жылдың көлемінде жақсы білеміз. Тек қана достық», — деді ол. 

365info.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста