Әйгілі Ақбикеш мұнарасы қамқорлық күтеді

Әйгілі Ақбикеш мұнарасы қамқорлық күтеді

Сырлы Созақ жерінде тарихтан сыр шертетін сан алуан жәдігерлер жетерлік. Тіпті сонау ғасырлардың сорабынан аман өтіп, бүгін­гіге жеткен құнды тари­хымызды құрметтей алмай отырғанымыз бар­мақ шайнатады. Бір қазақ жеріне ғана емес, бүкіл әлемге мәшһүр болған сол көненің көзі – Созақ ауда­нының Ақсүмбе ауы­лындағы Ақбикеш мұна­расы тиісті органдар тара­пынан қамқорлық күте­ді. Алайда оған тиісті дәре­жеде көңіл бөлінбей отыр.


Тамыз айында «НұрОтан» халықтық-демо­кратиялық партиясының ОҚО филиа­лының ұйымдастыруымен әйгілі мұнараға арнайы экспедиция ұйымдастырылған еді. Құ­рамында партия жетекшілері, елге есімі белгілі азаматтармен бірге БАҚ өкіл­дері де мұнараның бүгінгі жай-күйімен танысып қайтқан еді. Бұл да болса, тарихи мұраларымызға сәл де болса назар аудартудың амалы болатын. Арада біраз уақыт өткеніне қарамастан, сол кезде айтылған мәселелер сол күйі қалды. Әлі де кеш емес. Алдағы уақытта осы мәселеге назар аударылып, қамқорлыққа алынар деген үміт те шуда жіптей үзілер емес.
Тарихқа көз жүгіртсек, Ақбикеш мұна­расы тұрған жер кезінде әйгілі қала болған көрінеді. Нағыз қазақы атауы бар Ақсүмбе ауылы тарихи ескерткіште­рімен де аты мәлім. Мұнда Қаратаудың сілемдерін жа­­ға­лай орналасқан биік тө­бенің басында ХІІ ғасыр­да салынған Ақбикеш мұна­расы бар. Әйгілі мұнара туралы аңыздардың бір­неше нұсқасы айтылады.
Төрт бұрышында қара­уыл мұнаралар­дың орны байқалады. Мұнара мен iш­кi баспалдақтары жарты­лай бұзылған. Осы уақыт­қа де­йін құламай жеткен мұна­раның сырын ауылдық­тар былайша түсіндіреді: то­пы­рақты сүтке илеп, арасына ту биенің құй­рығын салып илеген көрінеді. Алыстан көзге шалынатын бұл биік мұна­раны жауды бақылау үшін тұр­ғызылған қарауыл­хана деген болжам айтылады. Көне та­рих­қа көз жүгірткен жан бұл мұнараның Ақ­би­кешпен қатар, кейде «Ақсүм­бе» деп те аталатынына таң­даныс білдіруі мүм­кін. Бірінші нұсқаға ойыссақ, Ақсүмбе ата­латын себебі қа­зақ най­заның ұшын «сүме» деп ата­ғаны белгілі. Сондай-ақ үй бо­ғатына біткен мұз қиыр­шықтарды сүм­бе деп те ат­ай­ды. Алыстан көкке шаншылып, сүйір­леніп тұрған соң солай атауы да мүмкін. Ал екінші нұсқаға мән берсек, мұнараның Ақбикеш атануы туралы сан салалы аңыз көп. Қайсысына құлақ түрсең де, шын­дыққа жанасымды сықылды. Ақ­сүмбе деген батыр қалмақтың Ақбикеш де­ген сұ­луын шапқыншылық кезінде еліне олжалап алып келіп, өзіне еріксіз жар етіпті-міс. Қатты қапаланған қыз құсадан қай­тыс бол­ғанға ұқсайды. Ақбикеш ару­дың ақтық сөзі «елімді сағынып, құса­дан қайғырдым. Сүйегімді сонау биіктегі мұнараға жерле. Рухым қарауыл­хананың тесігінен туған елі­ме қарап жатсын» болған екен-міс. Батыр сұлуын сонда жерлеген екен дейді. Со­дан Ақбикеш атанып кетсе керек...
Ауыл адамдарының айтуынша, тағы бір аңызда ертеректе осы өңiрде Ақби­кеш есiмдi ержүрек әрi көрiпкелдiк қа­сиетi бар бiр қыз өмiр сүрген деседi. Ол қара­уылханаға шығып, көз жетер жер­дің бәрін барлап, жаудың қай жақтан тап беретінін алдын ала бiлiп отырыпты. Осындай бір жаугершілік шақта ел ше­тiне жау тиiп, Ақбикеш дұшпанмен шай­қасып, мерт болады. «Батыр қызды елі ар­дақтап, мұнараға жерлептi» деседi. Ен­дi бiр нұсқада көрiпкелдiк қасиетi бар қыз жау қолынан мерт болған соң, оны жерлеген жерге осы мұнараны салыпты деп те айтады. Бұл екi нұсқаның негiзi бiр секiлдi. ХIII ғасырда армян патшасы Гетум І моңғол қағаны Мөңкеге бара жатып, жолай Ақсүмбеге түнеген екен, сонда ол қарауылхананы көрiп таңғалыпты деседі бір аңызда. Азияны дүр сiлкiндiрген Әмiр Темiрдiң өзi Ақбикешке келiп түнеп, Құран бағыштағандығын тарихшы Шараф ад-дин Йаздидiң «Зафарнамасында» жазылған. Ол осы арадан Ақ орданың соңғы ханы Тоқтамысқа қарсы жорыққа аттанған...
Тарих бедерінде ойып тұрып орын ала­тын құнды дүниемізді қалай да сақтап қалуымыз қажет-ақ, әрине. Бәрін де қа­ра­жатқа әкеп тіреп қоюға да болмас. Өт­кен­нің өнегесі бүгінгіге сабақ болуы тиіс. Тарихымызды бүтіндеуге көмек қо­лын со­за­тын ақ жүректі азаматтардан да көмек күтеді ақсүмбеліктер. Дештi Қып­шақ дала­сы­ның тарихында Ақбикеш мұ­на­ра­сы­ның алар орны ерекше екені белгілі. Иісі қазақ жерінде мұндай тарихи жәдi­гер­лер жоқтың қасы деуге де болады. Сон­дықтан да сақтап қала алмасақ, бүгінгі ұрпаққа сын болары сөзсіз.

Бір дерек
Тарихи деректерде Ақбикеш мұнарасы Әмір Темірдің Тоқтамысқа қарсы жо­рық­та­рында Дешті қыпшақ даласын бақылап отыру үшін қарауыл мұнара­сы ре­тінде пайдаланылған делінеді. Көнекөздердің айтуынша, кезінде мұна­ра­ның көлемі бойынша – ені 14 метр, биіктігі 25 метр болған көрінеді. Жел мен жаңбырға мүжіліп, бүгінде оның ені – 7 метр, биіктігі 11 метрге жетер-жет­пес халде. Сан ғасырлар сорабынан мүжілмей бүгінге жеткен мұна­раның сырт­қы кейпі толық сақталғанымен, мамандардың айтуынша, архи­тек­ту­ралық талап­тарға сәйкес, реставрация жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Қала орнын 1946 жылы академик Әлкей Марғұлан басқарған Оңтүстiк Қазақ­стан археологиялық экспедициясы, ал 1947 жылы археологтар Е.Агеева, Г.Пацевичтер зерттеген.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста