Айгүл Иманбаева апатқа ұшыраған Bek Air ұшағында өнер адамдары болғанын хабарлады

Айгүл Иманбаева апатқа ұшыраған Bek Air ұшағында өнер адамдары болғанын хабарлады

Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева Алматы маңында құлаған Bek Air ұшағының бортында өнер жұлдыздары болғанын хабарлады. Шоу-бизнес әріптестерімен таңертең әуежайда қауышып, кешке елордада концертте кездеспек болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айгүл Иманбаева Instagram парақшасы арқылы оңтүстік астана маңында апатқа ұшыраған ұшақта өнер иелері де болғанын жеткізді.

Бүгін таңертең басқа әуе компаниясымен Нұр-Сұлтан қаласына ұшып кеткен әнші Bek Air ұшағына мінген шоу-бизнес өкілдерімен әуежайда қауышқанын айтады.

Өнер адамдары кешке елордадағы концертте кездесуге уәделескен.

Айтуынша, актриса астанаға ұшу үшін дәл осы рейсті қарастырған. Алайда, бұл ұшаққа билет болмаған.

"Бір Алла жар болсын. Ажал айтып келмейді. Барша апатқа ұшыраған жандардың туғандарына қайғырып көңіл айтамын. Алла сабыр берсін. Ішінде біздің өнер адамдары да бар. Жаңа әуежайда кездесіп, кешке концертте кездесеміз деп қоштасып кетіп едік.
Бүгін Алматыдан мен де ұштым астанаға. Билет таба алмай осы Бэк Эйрге де қарадым. Билет болмады. Көретін дәм-тұзым бар екен. Еліміз аман болсыншы. Бір-бірімізге жақсы тілек тілейікші. Сіздерді жақсы көремін достар" , - деп жазды Айгүл Иманбаева.

Еске сала кетсек, бұған дейін бұған дейін Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырағаны хабарланды.


 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста