Айгүл Иманбаева жүкті екенін айтты
Ол бұл жаңалығын дәрігерден білді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Экспресс К-ға сілтеме жасап.
Танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева өзінің аяғы ауыр екенін жасырмай желіде айтты.
Әншінің бойына бала біткеніне үш ай толыпты. Видеоны әншінің өзі Instagram-дағы парақшасында жариялады. Онда Айгүл акушер-гинеколог дәрігерінің қабылдауында отыр. Актрисаның сөзінше, оның жүктілігіне үш ай.
Бұл менің акушер-гинеколог дәрігерім. Есімі Ләззат. Міне, отырмыз үш айлық. Бұйыртса, күтіп отырмыз. Күтіңіздер жақсы хабар. Бәрін айтып қойдым, — дейді Айгүл Иманбаева.
<iframe src="https://aitube.kz/embed/?id=e85d3df3-a28d-4084-abc8-b3c58d52b34e&fpc=0757b262-e598-4976-b136-0b3f010d10e5" class="aitube-embed" width="500" height="315" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen="allowfullscreen"></iframe>
Жақында Иманбаева 45 жасын тойлағанын айта кетейік.
Тіпті сол қуанышты кеште Айгүлдің бұрынғы күйеуі Сәбит Әбдіхалықов оны өзі ұзатқысы келетінін айтқан.