«Айман-Шолпанды» тыңдағыңыз келсе...

«Айман-Шолпанды» тыңдағыңыз келсе...

Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық оркестрінің үлкен залында 26 сәуір күні сағат 18.30-да Батыс Қазақстан облысының Ғарифолла Құрманғалиев атындағы филармония әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қатимолла Бердіғалиевтың орындауында халықтың «Айман-Шолпан» эпостық жыры жырланады.
«Мен алпыстың асқарына шыққан ша­ғымда «Айман-Шолпан» жырын қи­налмастан төрт айдың ішінде жаттап ал­дым. Бұған дейін осы жырды Ақ Жайықта жыр­лап, дүйім жұрттың ықыласына бө­лен­гендей болдым. Енді өнер орталығы – Ал­маты халқын жыр өлкесіне саяхат жа­сатып қайтуды жөн көрдік», – дейді әнші, жыршы, ақын Қатимолла Бердіғалиев.
Бір жарым сағат жырланатын жырдың та­ғылымдық мәні зор. Жырда XIX ға­сыр­дың алғашқы жартысында батырлықтың азып, ел ішінде тентектіктің көрінісі пайда бо­ла бастаған уақыты бейнеленеді. Кіші жүз шөмекей руында ас беріледі. Маман бай мен Көтібар батыр ас берген рудың ал­тындаған жалғыз үйіне таласады. Оқиға шие­лінісіп барып Айман қыздың ақы­лымен, Арыстандай жас батырдың сал­мақ­тылығымен жауласқан екі ел құ­дан­даласып, жыр мамыра-жай аяқталады. Кө­не мақамды жаңғыртып, өлең-жырдан сусындататын кешті өнерсүйер қауым ерекше қабылдайды деп сенеміз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста