Аймақтың аламаны – Кереку

Аймақтың аламаны – Кереку

Қазақ елі көз тіккен «Хабар» телеарнасының «Аймақтар ала­маны» додасы өз мәресіне жетті. Облыстар арасындағы бәсекені қыз­дырып, рухын асқақтатқан сайыста Кереку өңірі жеңіске жетті.
Аламанда оза шапқандар қатарында жезтаңдай әнші Амангелді Қожанов, кер­без бишілер ұжымы – «Томирис» тобы, бура тірсек балуан Дархан Әдепбайұлы, «от­қа салса – жанбайтын, суға салса – бат­­пайтын», бойын бұла күш буған жігіттер – Қуа­ныш Жанұзақов, Нұрлыбек Дос­ма­ған­­бет­ов және Жеңісбек Қадырұлы, сон­дай-ақ қобызшы қыздарымыз Іңкәр Олжа мен Гүлсая Мағазова болды.
Амангелді ҚОЖАНОВ, дәстүрлі әнші:
– Мәдениет басқармасы тарапынан атқарылған іс – ұшан-теңіз. Алғысымыз шексіз. Олар болмаса, байқауға қатысуы­мыз екіталай еді. Бір «әттеген-айы», облысымыз өзге өңірлерді жеңіп, келесі айналымға өткенде жарнамалар сынды қосымша ақпарат беріліп тұрғаны жақсы болар еді. Көңіліміз өсіп, марқайып қалар едік. Бұл олқылықтар болашақта орын алмайтынына кәміл сенемін. Десе де, біз жеңісті қолдан бермедік! Ең бастысы – осы! «Аймақтар аламанынан» кейін облыстың ауылдарын аралаған болатынмын. Осы жо­бадағы жеңісіміз арқылы қаһарлы қыс­тан қысылған ел халқына рухани демеу болып, күш-жігерін көтергеніне ерекше қуан­дым. Бұл – тек біздің жеңіс емес, елге ортақ жеңіс!

Жеңісбек ҚАДЫРҰЛЫ, «Дарынды додашы» аталымының иегері:
– «Дарындылар додасы» бөлімінде «Павлодар – дарындылар мекені» деген атағын тағы бір мәрте дәлелдеп берді. Қазылар алқасы мен көрермендер ерекше таңғалысты. Ел арасында ермекке айналған ерекше өнер түрлерін серік еткен біз, көгілдір экран арқылы халыққа танылдық. Қара күш иесі атанып, қошеметке бөлендік. Осы жоба бұл «ермегіме» дем бергендей болды. Келешекте бұл өнерді серік еткен жастардың басын қосып, дарындылар мектебі немесе үйірмесін ашуды жөн санап отырмын. Қазірден бастап жобаның келесі маусымына мықтап дайындалуды көздеу­демін. Шәкірт тәрбиелеп жатқан жайым бар. Олар – республикалық және облыстық «Жігіт сұлтаны» байқауларының жеңімпаз­дары.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста