Айнұр Тұрсынбаева қызы өскелі үйде айқай-шу көбейгенін айтты (фото)

Айнұр Тұрсынбаева қызы өскелі үйде айқай-шу көбейгенін айтты (фото)

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева қызы өскелі үйде айқай-шу көбейгенін айтып, желі парақшасында ағынан жарылды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.
"Қара қызым @aidanala 18-ден асып барады... Қашан өседі деп жүргенде бір-ақ күнде бой жетіп шыға келді... Бойы менен ұзын... Бұрын "Мегаға барсам, Шынар әпкеге барсам, есік алдына шықсам бола ма?" дейтін қызымыз қазір "Алматыға барып келейінші, жазда Түркияға барайық" деп қылқылдайтын болды... Бұрын чипсы, мультфильм, колаға ақша құрта бересің деп ұрсушы едік, қазір ол шығындарға жылап көрісетін болдық... Маникюр, педикюр, туфли, кино...", - деп шығындары көбейгенін сөз етті айтыскер.

Тұрсынбаева қызы өскелі үйде айқай-шу да көбейгенін жасырмады.

"Үйде күніге айқай-шу... 20 мың теңге стипендия алады, былай қарасаң аз ақша емес, бірақ көп те емес... Қит етсе, "стипендияң қайда" деп айқайға басамын... "Осы стипендияны алмасам нестейтін едіңіз, универде жейтін тамағыма әрең жетеді" деп ол жылап шығады... Ақша шақ келмейтінінен басқа да мәселелер жетіп жатыр... "Менің кофтамды кім киді, сумкам қайда, помадамды әкел, кремге тиіспе"... Талас-тартысқа толы өмір басталды...", - деп мұңын шақты ол.

Айнұр балалар есейген сайын мәселелер де көбейе түсетінін байқаған.

"Большие дети большие проблемы" дегенді енді түсініп жатырмын... "Жұрттың қыздары құсап киім іздемеймін, көшеге көп шықпаймын, әпергеніңізді киемін, жіберсеңіз ғана барам ғой" деп ренжитіні бар... Мен өзім мазасыз болып кеттім бе, жоқ барлық аналар солай ма, а? Негізі қыздар ұлдарға қарағанда ерке болатын сияқты... Бірақ қыз бала бәрібір мейірімді келеді... Ол рас енді... Сіздерде қалай болып жатыр жағдай?", - деп жазылушыларының халін сұрады ақын.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста