Айсәуле Бақытбек ана атанбақ
Баян Алагөзова жақында әже атанбақ! Продюсердің тұңғыш қызы Айсәуле жүкті екенін жария етті, деп хабарлайды Stan.kz.
Тұрмысқа шыққан күннен бастап "Қашан бала көтересің?" деген сауал Айсәуленің алдынан кесе-көлденең шыға берді. Осы уақытқа дейін Айсәуле мұндай сұрақ қою дұрыс емес екенін, жеке шекарадан аттауға болмайтынын ескертіп келді.
Әйткенмен, Instagram оқырмандары Айсәуленің әр постына бала туралы жаза берді. Оқырмандар көптен күткен күн келіп жетті. Бақытбекқызы жақында сәбилі болатынын жариялады.
"Неткен жаңалық", "Мұнда көпшілік тынышталатын болды", "Құттықтаймыз", "Одан әрі сұлулана түсіпсіз", "Бүкіл ел және Айстың оқырмандары күткен жаңалық. Құттықтаймыз", – деп жазды оқырмандар.
Айта кетейік, Айсәуленің жары Әлішер Хайдаров – кәсіпкер. Екеуі 2018 жылы отбасын құрған еді.