Айтыс ақындарының антологиясы жарыққа шықты

Айтыс ақындарының антологиясы жарыққа шықты

Сан ғасырлық тарихы бар қазақ айтысының антологиясы жарық көрді. Жеті томнан тұратын халық мұрасын Мәдениет және спорт министрлігінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы негізінде Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университеті жанындағы Қорқыт ата ғылыми-зерттеу институты дайындап шығарған. 

Жалпы, қазақ өнерінің мұндай антологиясы 25 томға жуықтайды. Осының негізінде биыл жарыққа тек жеті кітап қана шығып отыр. Мырзатай Жолдасбековтің бас болуымен оқырманға жол тартқан еңбек өткен замандағы айтыс мәтіндерімен қатар кеңестік кезеңдегі айтыс мұрасы, 2000 жылға дейінгі және одан кейінгі айтыс ақындарының үздік айтыстарын топтастырылған.
Айтыс өнерінің мұндай еңбектері ең алғаш рет 1965 жылы жарыққа шыққаны белгілі. Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің алғысөзімен 3 том, 1988 жылы Сәбит Мұқановтың алғысөзімен 2 том, 2004-2005 жылдары Мырзатай Жолдасбековтің жетекшілігімен 3 томдық еңбек оқырманмен қауышқан. Мұның өзі аздық етеді дейді топтаманы шығарушылар.
Жаңадан шыққан жеті томдықтың 1-2 кітабына Қабылиса, Жанақ, Түбек, Сүйінбай, Абыл сынды ақындардан бастап кеңес заманына дейінгі таңдаулы деген 94 айтыс еніп отыр. 3-5 томдарда 1919 жыл мен 1991 жыл арасында болған айтыстар топтастырылған. Тоқсаныншы жылдардан бері қарай уақыттары айтыс сүйер қауымды өнерімен тәнті еткен Есенқұл мен Әселхан, Әсия мен Ерік, Әзімбек пен Құдайберді, Серік пен Мэлс арасындағы айтыстар енген. 5-6 томдарда 1991-2014 жылдар арасында орын алған 66 айтыс басылып, ақындардың азаматтық тұлғасы айқындалған. Сонымен қатар, шетелдегі қазақ ақындарының айтысы жетінші томнан ойып орын алды.

Мырзатай ЖОЛДАСБЕКОВ, мемлекет және қоғам қайраткері:
– Айтыс өнерін насихаттауда мұндай сүбелі еңбектің маңызы аса зор. Кешегі өткен Сүйінбайлардың ізін жалғаған қазақтың тас шайнаған азулы ақындарының қайталанбас айтысының таңбаға түсуі ол қуанышты жағдай. Бүгінде біз тілдің жағдайын айтып алаңдаймыз. Ол заңды. Ал осы орайда айтыс ақындары тілдік норманың бұзылмауына, оның қолданысының өзгеріске ұшырамауына үлес қосуда. Бүгінде жастардың тілін оқып болмайсың. Сондықтан олар айтыспен сусындаса далада қалмайды.
Айтыс тақырыбына қатысты бірқатар ақындар ғылыми диссертация қорғады. Қойлыбай Асанов, Мэлс Қосымбаев, Балғынбек Имашев, Айбек Қалиев, Шымберген Қойлыбаев сынды ақындардың еңбегі осыған дәлел. Жалпы, айтысқа қадам басып, жасындай жарқыраған ақындар бұл өнерден кері айналмауы тиіс. Мен осы үшін Мұхамеджанға кезінде қатты ренжідім. Себебі, ол айтысқа қадам басқан құбылыс еді.

Асанәлі ӘШІМОВ, халық әртісі:
– Айтыс үлкен театр болуға лайықты өнер. Қазақ айтыс десе ауырып жатқан шал-кемпірдің өзі қалт жібермейді. Мектеп жасындағы балалар айтысқа шығып жатыр. Бұл біздің генімізде бар қасиет. Баяғыда Әбділда Тәжібаев үлкен театрда айтысты ашқаннан бастап көрермен ретінде тамашалап келе жатырмын. Өйткені одан нәр алам. Қанша жерден білімпазбын дегенмен айтысқа келгенде көп нәрсені алып қайтасыз. Жаңа сөздерді естисіз.
Кезінде Мұхамеджан айтысқа шыққан кезде небір естімеген сөздерді айтатын. Жап-жас бола тұра осындай сөздерді қайдан алады деп таң қалатынмын. Осындай айтыс ақындары бізде жетерлік. Балғынбек, Айбек, Бекарыс, Аманжол сынды ақындар шықты. Аманжол Әлтаевті классик деп атаса болады. Сондықтан ақындар айтысты тастамасын деп тілек айтамын. Өнер университетінде айтыс ақындарын дайындайтын мамандық бар ғой. Соған шақырып, шеберлік сағаттарын өткіземін десе мен де баруға дайынмын.

Жүрсін ЕРМАН, ақын:
– Бұл кітаптың кезінде үш томдығы шыққан. Осы айтысты қағазға түсіру нағыз машақаттың өзі болды. Кейбір ақындардың сахнада әгугайлап айтқан өлеңі қағазға түсіргенде не буын, не ұйқасы болмай шығады. Осыны өлеңге айналдыру үшін Несіпбек Айтұлы екеуіміз арнайы отырдық. Сосын көп ақындар сауатсыз. Енді осыны оқып сауатын ашсын. Өзіне дейінгі ақындарды танып білуіне мүмкіндік бар. Тағы бір қуантатыны, шетелдегі қазақ ақындарының айтысының енуі. Олардың тілі – бұзылмаған тіл. Жоғарғы деңгейдегі айтыс. Саясатта шаруасы жоқ. Сөз ұстап, уәжбен айтыса біледі. Сондықтан біздің жас ақындарға осыдан оқыңдар деген тілек айтам. Бұл томдықта керемет айтыстар бар деп айта аламын. Бүгінгі айтыс жазба поэзияның деңгейіне көтерілді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста