Айтыскер ақын Мұхтар Ниязов үш дүркін «Алтын домбыра» иегері атанды

Айтыскер ақын Мұхтар Ниязов үш дүркін «Алтын домбыра» иегері атанды

Елордада Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастырумен «Абай тағылымы &ndash Тәуелсіздіктің тірегі» атты республикалық ақындар айтысы мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айтыс &ndash қазақ руханиятының алтын қазынасы, мәдени мұрасы. Ғасырдан ғасырға, атадан балаға және заманнан заманға ұласып келе жатқан асыл мұра, өз бойына өнердің бірнеше түрін қамтыған жанр ретінде жас ақын-жыршылардың тәжірибе мектебі. сы киелі мұраны насихаттап, талантты жастарымыздың шеберлігін шыңдауға ықпал ету мақсатында Мәдениет және спорт министрлігі аталмыш республикалық ақындар айтысын өткізді.

3-4 қараша күндері айтыстың іріктеу кезеңіне қатысқан 10 жұптың, яғни 20 ақынның өнерін тамашалап, қазылар алқасының шешіміне сәйкес жартылай финалға 8 ақын (4 жұп) өткен болатын. Айтыстың ақтық мәресіне халықаралық және республикалық айтыстардың жеңімпаздары, «Алтын домбыра» иегерлері Мұхтар Ниязов, Серік Қуанған, Еркебұлан Қайназар, Жансая Мусина, Мейірбек Сұлтанхан, Қазырет Бердіхан, Бекарыс Шойбеков, Айбек Қалиев қатысты.

Жыр додасында бас жүлдеге Сыр сүлейі Мұхтар Ниязов ие болды. Осылайша ол үшінші рет «Алтын домбыра» иегері атанып отыр. Одан бөлек I орын Бекарыс Шойбековке бұйырып, ол «Айтыстың ақтаңгері» төсбелгісімен марапатталды. II орын Еркебұлан Қайназаров алса, III орыннан Серік Қуанған көрінді.

Аталған дүбірлі доданы әділқазы алқасына көрнекті өнер қайраткері, ұстаз, Қазақстан және КСРО Халық әртісі, «Отан», «Құрмет», «Қазақстанның Еңбек Ері» ордендерінің иегері Асанәлі Әшімов төрағалық етті. Айтысты Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы термешілердің халықаралық одағының Төрағасы Жүрсін Ерман жүргізді.

Әлемде және елімізде орын алған эпидемиологиялық ахуалға орай, республикалық айтыс түсірілімі көрермендерсіз өтті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста