Академиялық ұтқырлық – білім беру үрдісіндегі зор мүмкіндік

Академиялық ұтқырлық – білім беру үрдісіндегі зор мүмкіндік

Жуырда М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік универ­ситетінде облыс әкімдігі, Бонн университеті (Германия), И.Гутенбург университеті (Германия), Климент Окридский атындағы София уни­вер­ситеті (Болгария), Ресей халықтар достығы университетінің бірлесуімен «Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарындағы академиялық ұтқырлық: тәжірибе және даму мүмкіндіктері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Аталған шара мемлекет үшін аса маңызды оқиға – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы және БҚМУ-дың 80 жылдық мерейтойы қарсаңында өткізіліп отыр.
Конференцияның мақсаты – білім бе­ру­дің еуропалық кеңістігіне шығуды қам­тамасыз етудің негізгі бағыты ретінде ака­демиялық ұтқырлықты дамыту мәсе­лелерін талқылау, академиялық ұтқыр­лықты ұйым­дастыру тәжірибелеріне талдау жасау және сараптау, академиялық ұт­қырлық шең­берінде қазақстандық, ре­сейлік және ше­тел­дік жоғары оқу орын­дарымен ынты­мақтастықтың даму мүм­кіндіктері мен проблемаларын тал­қылау, қос дипломдық бағдарламасын жүзеге асыру және ұйым­дастыру, жоғары оқу орындарындағы ака­демиялық ал­масуды басқару бойынша жалпы ұсыныстар дайындау болып табыла­ды.
Халықаралық конференция шеңберінде академиялық ұтқырлық және білім сапасы, халықаралық білім кеңістігінде тұлға­ның кәсіби бейімделуі, академиялық ұтқыр­лықты енгізу бойынша мектеп, колледж және жоғары оқу орындарының өзара са­бақтастығы, мектептегі оқытуды ұйым­дастырудың жаңа технологиялары арқылы сапалы білім беруге қол жеткізу сынды мәселелер талқыланды.
Асхат Иманғалиев, БҚМУ ректоры:
– 2011 жылдың наурыз айында Бу­дапешт және Венада еуропалық елдердің білім министрлерінің ІІ фо­румында Қа­зақстанның Болон декла­рациясына кіруге түбегейлі шешім қа­былданған бо­латын. Қазақстан Респуб­ликасының Болон жүйесіне кіруі қазақ­стандық жоғары оқу орындары мен студенттер үшін отандық білім бағдар­ламалары мен оқу жоспар­лары­ның еуропалық стандарттарға сай жү­зе­ге асуы, жоғары білім туралы қазақ­стан­дық дипломның еуроаймаққа шығу мүмкіндігі, Болон жүйесіне кірген 47 мүше елде түлектердің жұмысқа орна­ласу құ­қығына ие болу, студенттер мен оқыту­шылардың академиялық ұтқыр­лығын қам­тамасыз етуде үлкен мүм­кіндіктерге жол ашады.

Академиялық ұтқырлық арқылы сту­дент­тер мен оқытушылар өз терри­то­риясынан тыс орналасқан елдердегі жоға­ры оқу орындарында оқу, оқыту, тәжірибе алмасу, ғылыми-зерттеу жүр­гізу және басқа мемлекетте білімнің толық курсын алуға зор мүмкіндікке қол жеткізеді. Сон­дықтан білім беру жүйе­сіндегі бұл мәсе­ленің жан-жақты, ха­лық­аралық деңгейде талқылануы ака­демиялық ұтқырлық мәселесінде жаңа қадамдарға бастайтыны сөзсіз.
Бұл конференция қатысушылардың географиялық ауқымының кеңдігімен ерекшеленді. БҚМУ-дың шетелдік әріп­тестерінің өкілдері Германия, Болгария, Ресейдің және Қазақстанның жоғары оқу орындарының ғалымдары қатысып, ака­демиялық ұтқырлықтың жоғары оқу орын­дарындағы жүзеге асырылу жол­дарымен бөлісті. Осы мәселелер шеңберін­де проб­лемалар мен оны шешудің тиімді жолдары талқыланды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста