"Әке" телехикасының актері халықаралық кинофестивальде жеңімпаз атанды

"Әке" телехикасының актері халықаралық кинофестивальде жеңімпаз атанды

Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өтіп жатқан халықаралық кинофестивальде М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық театрының актері Азат Сейтметов кинорежиссер Асқар Ұзабаеватың «Әке» телехикаясындағы әке ролі үшін қазылар алқасының шешімімен «Жылдың үздік актері» номинациясында жеңімпазы атанды.

Seoul International Drama Awards – телевизиялық фильмдер мен актерлерді, сондай-ақ, түсірілім қызметкерлерінің жыл сайын өтетін бәйгесі. Байқауда Қытай, АҚШ, Жапония, Бразилия, Түркия, Ұлыбритания сияқты елдермен қоса, әлемнің 50-ден астам мемлекетінің өкілдері бақ сынады. «Seoul International Drama Awards» фестивалінде әр елдің сериал жанрындағы жаһандық және әлеуметтік мәселелерді қамтитын үздік жұмыстары сарапқа салынды.

Соңғы бірнеше жылда «Қазақстан» ұлттық арнасының тапсырысымен бірқатар телесериадар түсірілгені белгілі.

Ұлттық телеарна «Әке» сериалын 2016 жылдың көктемінен бері көрермен назарына ұсынып келеді.

Қапияда жіберіп алған қателіктерімен күресіп, балаларымен арадағы қарым-қатынасын түзеуге тырысқан әке тағдырын баяндайтын бұл фильм киносыншылар мен телекөрермендердің жоғары бағасына ие болды.

Халықаралық кинофестивальдің марапаттау салтанатында қазақ актері Азат Сейтметов: «Осы фестивальге келгеніме өте қуаныштымын! Қазақстан бұл фестивальге тұңғыш рет қатысып отыр. Фестиваль ұйымдастырушылары мен қазылар алқасының осы аталымда мені таңдағанына шексіз ризамын. Бұл – біздің түсірілім тобы үшін үлкен мәртебе. Еңбегімізді бағалағандарыңыз үшін мың алғыс. Жүлдемді әкеме арнаймын. ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі мен «Қазақстан» телерадиокорпорациясына, сериал авторы және режиссері Асқар Ұзабаевқа алғысым шексіз», – деді.


Сейтметов Азат Райымбекұлы – театр және кино актері. 1964 жылы 14 қыркүйекте Алматы қаласында актерлер отбасында дүниеге келген. 1985 жылы Т.Жүргенов атындағы Алматы театр училищесін тәмамдаған. М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық театрының актері.

Жұлдызы оңынан туған актер бұған дейін де «Қазақстан» РТРК» АҚ тапсырысымен түсірілген және ұлттық арнада көрсетілген «Айналайын» (2010 жыл), «Ұлжан» (2013 жыл), «Шырғалаң» (2015 жыл) телесериалдарында рөлдерді ойнаған. 

egemen.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста