Актер Ғалымжан Қалыбаев: Әр қазақ тоқалдан туған, тоқал алу үшін әйелдің рұқсаты керек емес
Әзілкеш, актер Ғалымжан Қалыбаев тоқал мәселесін сөз етті. Одан бөлек қазақтың әмеңгерлік салтының мәнін түсіндірді. Актер қазақтың көрегенділігінің әсерінен жетімдікті де, жоқшылықты да сезбей өстім дейді.
Бұл туралы актер “Әли студиясы” арнасында айтты
Актер өзінің тоқалдан туғанын, анасы әмеңгерлікпен қайын інісіне тұрмысқа шыққанын айтады.
“Қазақ атеистік жүйе кезінде де құдаймен байланысын үзбеген қазақ. Тығылып намаз оқып, Алладан дұға еткен. Ауылдың ақсақалдары тәлім-тәрибені үйреткен. Қазақта жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған деген бар. Ол тәрбиеге негізделеді. Жесір қалған әйелдің балалары өз бауырларымен өссін, өгейлікті көрмесін де әмеңгерлікпен үйлендіреді. Менің 4 жасымда әкем өмірден өткен. Сол кезде ауылдағы үлкен екі әжеміз әмеңгерлікпен анамды қайын інісіне қосқан. Соның арқасында мен әкемнің жоқтығын, жоқшылықтың жетімдікті көрген емеспін. Бөтеннен аты әрдайым бөтен. Сондықтан баланың өз бауырының қасында өскені жақсы. Әрине, әкемнің қасымда болғанын қалар едім. Бірақ қазіргі әкем маған өз әкемдей. Бұл қазақтың тәлімі. Ал қазір жастар оны түсінбейді. Бұлай жасамады. Сөйтіп өздері ұрынады”, - дейді актер.
Ғалымжан Қалыбаев тоқал алудың мәнін ашып берді.
“Менен қанша тоқалың бар? Қалай тұрып жатырсың деп сұрайтындар көп. Бұл адамның жеке өмірі. Оны айтпау керек, оны алу керек. Тоқал деген шалдың жас қызды алуы емес. Бізде қазір тоқал сөзін солай мазаққа айналдырып алды. Қазір 60-тан асқан шалдар да мектеп бітірген қыздарды аңдып отырады. Тоқал деген жесірді алу. Отырып қалған қызды алу. Әйелді алу. Оған қамқор болу, балаларын бағу мақсатында алу деген сөз. Ер адамда жас тоқал алып алады да, оған бала туғызбайды. Ол сауап емес, бұл нәпсі. Одан ешқандай сауап алмайсың. Себебі Алла разылығы үшін жасап жатқан жоқсың”, – деді Қалыбаев.
Актер тоқал алу үшін әйелден рұқсат алудың керегі жоқ деп санайды.
“Егер күйеуі әйелінен рұқсат сұраса, ол сол күні еркек атынан айырылады. Себебі, әйеліңнен рұқсат сұрау керек емес. Әйелмен ақылдасқан дұрыс. Ақылдасуға міндеттіміз. Біз аз ғана халықпыз. Тоқал алып қазақтың санын көбейтуіміз керек. Небір байлар жүр. Ақшасын харамға шашады. Өйткені әйелдері рұқсат етпейді. Бір зина үшін 700 жыл азап шегесің. Сонда күнделікті қанша күнә жасадың? Әйел алу зинадан, азаптан құтқарады. Ризығыңды көбейтеді. Алламен байланысты үзбеу керек”, – деді ол.