Алаш арыстарын бейнелеп жүрген жалғыз суретші

Алаш арыстарын бейнелеп жүрген жалғыз суретші

«Үйімізде, төрімізде
Портретте тұрған кім?
Бұл – Ленин бабамыз,
Бұл – Ленин данамыз!»
Бастауыш cыныпта жатталып, өмір бойы естен кетпей қойған осы жолдар кеңестік дәуірдің шындығы еді. Ленинді төріне ілмейтін үй некен-саяқ-тын. Ленин бейнесі ізім-ғайым болғалы қашан? Ал енді ол көсемнің орнын Ахмет, Әлихан, Міржақып сынды Алаш тұлғалары басатын кез келді емес пе? Бірақ ұлттың рухани жетекшілері атанған ардақтыларды ұлықтап тануға құлшыныс аз болып тұр.

                                                 Нұрғиса Елеубеков (фото)
Бұған алматылық суретші Берік Жан­кеев­­тің көзі әбден жеткен. Ол – алты жылдан бері тек қана Алаш қайрат­кер­ле­­рі­нің портретін салумен айналысып ке­ле жатқан жалғыз қылқалам шебері. Бұл салада бәсекелесі болмағандықтан, та­­­бысты күреп тауып жүр деп ойлап қалма­ңыз. Су­ретшінің туындыларына керек де­сеңіз сұраныс та болмайтын көрінеді.
«Алматыдағы жоғары оқу орында­рының дені өткен ғасыр басында жар­қырай шыққан Алаш зиялыларының атын­­да. Бірақ бұл оқу орындарынан сол кісілер­дің сапалы салынған көрікті порт­­рет­терін көре алмайсыз. Сол се­беп­ті олардың біразына өзім салған порт­рет­­терді ұсынып едім, ешқандай қы­зы­­ғу­шылық танытпады», – дейді Берік Жан­кеев. Айта кетейік, қылқалам шебері әр портретке шамамен жеті-сегіз мың теңге шы­­ғын жұмсайды. Мазмұнына қарай туын­­дылардың әрқайсысы 50 мыңға ба­ға­ла­нады. Портретшінің айтуынша, бұл «Ар­батқа», басқа да көрмедегі кар­ти­на­лар­ға қарағанда арзан. Бірақ көп­ші­лік рухани көсемдер бейнелерін сатып алғаннан гөрі, өздері керемет деп санай­тын жеңіл-желпі дүниелерге көп ақша жұмсауға бар. Бұл жерде төріне әлемдік шедевр – Леонардо да Винчи мен Боттичеллиді іліп жатса, әңгі­ме басқа.
«Т.Рысқұлов атындағы қазақ эконо­ми­калық университеті Алаш көсемдерінің портретін алудан бас тартты. Абылайхан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті 15 порт­рет алмақшы болып, кейін жалпы көлемі 300 мың теңгеге шығып кеткен кезде, басшылары «бұл қаржыға портрет алған­ша, неге үш дәретхана салмаймыз?» – деп әзілдеді... «Бесжылдық» аталатын ықшам­­­аудандағы мектептердің бірі Алаш қай­раткерлерінің портреттерінен бірден бас тартты. Есесіне Пугачева мен Кир­ко­ров­­ты қабырғаға іліп қойыпты...» – дейді Б.Жанкеев.
Алаш қайраткерлерін насихаттаймын деп жүріп, суретші кезіккен ыңғайсыз жағ­дайлар осылай кете береді. Дегенмен Алаш идеясын құрметтейтін, ақтаңдақ та­рих­тың ардақты өкілдерін қастерлейтін аза­маттар да бар. Мысалы, Қыздар пе­да­гогикалық университетінің ректоры Шәмшә Беркімбаева Жанкеев еңбектерін жо­ғары бағалап, оларды оқу орны қа­быр­­ғасына жарқырата іліп қойған. «Портрет­те­рімнің сапасына күмән келтіреді дей алмаймын. Тарихи тұлғаларды жан бітіре бейнелейтінімді көпшілік біледі. Жетпей тұрғаны – осы азаматтарды төрге ілсек деген ниет қана», – дейді суретші.
Жанкеев салған портреттердің санында есеп жоқ. Ал оның шығармашылығына ар­­қау болған тұлғаларға келсек, ұлы да­на Абайдан бастап, көрнекті мәдениет қай­­раткері Сұлтанбек Қожановқа дейінгі 20 шақты адам бар. Әзірше. Келешекте Нәзір Төреқұлов, Жұмақан Күдерин, Ермұ­хан Бекмаханов және басқалар қо­­­сы­­­­ла­ды. Жанкеев қайраткерлердің жұрт­қа танымал портреттерін қайта кө­ші­­ру­мен айналыспайды. Ол әдейілеп мұ­ра­ғат аралап жүріп, зиялылардың бұ­рын-соң­ды жарияланбаған құнды сурет­те­рін на­си­хаттауды көздейді. Солай жа­сап та жүр. Таяу уақытта ол ХХ ғасыр басын­да буыр­қанып, тасыған ұлттық идея өкіл­де­рінің бәрі бірдей көрініс табатын үлкен картина жасауға кіріспекші.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста