Алаш тарихына абай болсақ...

Алаш тарихына абай болсақ...

Күллi қазақтың басын қосатын ұранға айналып, сол ұранмен ұлттық рухымызды оятқан зиялыларымызға атау болған алаш ұғымы әрқилы заманды басынан өткердi. Өшiге қарап, «алаш» деген атты естiсе болғаны, атып тастайтын заманды да, одан кейiн өздерi жаққан күйенi өздерi «ақтаған» кезеңдi де көрiп, бүгiнге де жеттi. Қазiр, Құдайға шүкiр, алаш ұғымы идея ретiнде қалыптасып, сол идеяны қалыптастырған зиялыларымыздың ғылымға қосқан үлесi, «Алаш мұрасы», «Алаш әдебиеттануы» секiлдi тақырыптарға арқау болып отырған жайы бар. Алматыдағы Ғалымдар үйiнiң қысқы бағында белгiлi әдебиеттанушы, филология ғылымының докторы, профессор Айгүл Iсмақованың «Алаш әдебиеттануы» және «Асыл сөздiң теориясы» атты монографияларының тұсаукесерi болды.

Әлқиссасын әл-Фарабиден бастаған автор Абай, Ыбырай, Шоқандармен сабақтап, алаш әдебиеттануының көшбасшылары – Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханұлы, Жүсiпбек Аймауытұлы, Мiржақып Дулатұлы, Смағұл Сәдуақасұлы, Қошке Кемеңгерұлы, Сәкен Сейфуллин, Iлияс Жансүгiрұлы, Құдайберген Жұбанов, Мұхтар Әуезов еңбектерiмен ажырамас бiрлiкте жүйелеп, ұлт әдебиетiнiң тарихи негiзiн тұңғыш рет төл арнасында анықтап бердi. Осынау еңбектi жазуға қалай келгендiгi жайлы филология ғылымының докторы, профессор Айгүл IСМАҚОВА былай дедi:
– Бүгiнгi еңбек осыдан бiраз жыл бұрынғы «ХХ ғасырдағы алаш әдебиеттануы» деген шеңберлi жобаға енбей қалған тұлғалардан тұрады. Сол тұста Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин, Әлихан Бөкейханов пен Мұхтар Әуезов қана сол жобаға енiп, қалғандары қалыс қалып қойған болатын. Содан бұл мәселе жаныма маза бермей, ақыры осы кiтапты жазып шықтым. Оған қамшы салған тағы бiр жағдай – «қазiргi кездегi «Алаш әдебиеттануы» – ескiрген ғылым саласы» деген қате көзқарас. Соған мына кiтапта мен емес, алаш арыстарының кезiнде айтқан сөздерi тойтарыс бередi.

                                                                                                    Ә.Н.БӨКЕЙХАН Бутырка түрмесiнде. Мәскеу, 1937 ж.
Аталған жиынға қазақ әдебиетiн зерттеуге елеулi үлес қосқан Серiк Қирабаев, Шериаздан Елеукенов, Тұрсынбек Кәкiшев, Сейiт Қасқабасов сынды ғалымдармен қатар, алаш тарихын алғаш зерттеушiлердiң бiрi де бiрегейi, тарихшы Мәмбет Қойгелдиев, сондай-ақ Қазақстан мұсылмандары Дiни басқармасының бас мүфтиi Әбсаттар қажы Дербiсәлi де қатысты. Сондай-ақ автор алаш қайраткерлерiнiң көзi тiрi ұрпақтарын шақыруды да ұмытпапты. Өзiнiң бұл жиынға дiнбасы ретiнде емес, ғалым ретiнде келгендiгiн айтқан бас мүфти кiтапқа қатысты өз пiкiрiн былайша ортаға салды.
Әбсаттар қажы ДЕРБIСӘЛI, Қазақстан мұсылмандары Дiни басқармасының бас мүфтиi:
– Көршiлес өзбек, қырғыз, түрiкмендерде тiл бiлiмi мен әдебиет саласындағы терминдер әлi күнге араб тiлiндегi атауында қалған. Ал бiздiң Ахмет Байтұрсынов сынды ғұламаларымыз олардың тегiс қазақша баламасын тауып, ғылымға енгiзiп кеттi. Сондықтан Айгүл қарындасымыздың алашқа еңбегiн сiңiрген Ахаңдардан бастап, Әуезовке дейiнгi тұлғаларымыздың басын қосып, бiртұтас еңбек жазып шығаруын өз басым үлкен құбылыс деп бағалаймын.
Алаш зиялыларына қатысты көзқарастар қайшылығынан туындайтын талас-тартыстар тәуелсiздiк алған қазiргi күнде де толастамапты. Жиын барысында сөйлеуге шыққан әйгiлi ғалым, филология ғылымының докторы, профессор Тұрсынбек КӘКIШЕВТIҢ алдыңғы қатардан орын тепкен әдебиетшi ғалымдарға қарап, «бәрiң де қазiр алашпен құшақтасып өскендей болып отырсыңдар, шындығына келгенде, алашты жамандағандар да сендердiң араларыңда жүр» деп аяқ астынан айғай шығаруы – соның айғағы. Содан кейiн Айгүл Iсмақованың еңбегiне тоқталып: «Ғылымда ең бастысы – адалдық, ол жағынан сенiң iсiңе тәнтiмiн. Дегенмен кiтабыңа айтар сын-пiкiрлерiм де бар. Мысалы, Әлиханның саяси қайраткерлiгi мен қазақ халқының маңдайына берiлген ұлы көсем екендiгiне ешбiр дауым жоқ, ал бiрақ Әлиханның абайтанудың негiзiн қалағанына менiң шүбәм да, қарсы келтiрер дәлелiм де бар», – дей келе, кiтаптан Сәбит Мұқановқа орын берiлмегенiне кейiстiк бiлдiрдi. Кейiстiктер мен келiспеушiлiктер көбейiп, тұсаукесер соңы әдебиетшiлер арасындағы жанжалға ұласар ма едi, егер алаш ақиқатын зерттеушi, Қазақстан тарихшылар қауымдастығының төрағасы Мәмбет Қойгелдиев ара түспегенде...
Мәмбет ҚОЙГЕЛДИЕВ, тарихшы:
– Алаш жайлы кiтаптың тұсаукесерiнiң тап осы жерде өтуi – мен үшiн ғажап құбылыс. Себебi дәл осы жерде алаштану үшiн талай зиялыларымыз сотталған. Мен сол сот процестерiнiң барлығымен жақсы таныспын. Әлгiнде Әлиханның алғаш абайтанушы екендiгiн айтқан Айгүл Iсмақованың еңбегiне қарсы шығып жатырсыздар. Ендi тыңдаңыздар, 1906 жылы Әлекең түрмеде отырды. Жаңағы сiз айтып отырған Кәкiтайды Петерборға жiберiп, Абайдың тұңғыш жыр жинағын бастырып шығарған кiм? Әлихан Бөкейханов! Абай жайлы орыс тiлiнде алғаш танымдық мақала жазған кiм? Әрине, Әлихан. Ол әдейi «орыс жұртына түсiнiктi болсын, қазақта сондай тұлға барын бiлсiн» деп жазды. Олай болса, Әлихан Бөкейхановты «абайтанудың негiзiн қалаған жоқ» деп айтуға қалайша аузымыз барады?

P.S.
Осындай қызу пiкiрталасқа ұласып, әдебиетшiлер арасына қозғау салған филология ғылымының докторы, профессор Айгүл Iсмақованың «Алаш әдебиеттануы» және «Асыл сөздiң теориясы» атты қос кiтабы әлi талай тартысқа арқау болатындай еңбек екенiн аңғардық.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста