Алаштан ән оздырған Жәнібек Кәрменовке арналған кеш өтеді

Алаштан ән оздырған Жәнібек Кәрменовке арналған кеш өтеді

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, әнші, композитор, ұстаз Жәнібек Кәрменовтың туылғанына 65 жыл толуына арналған «Үнің кетпес құлақтан» атты еске алу кешін өткізеді.
Кеш барысында қазақ ән өнерінің майталманы Ж.Кәрменовтің өнері мен өмірі жайлы естеліктер айтылып, бейнесюжет көрсетіледі.
Алаштан ән оздырған әйгілі әнші ҚазКСР-інің еңбек сіңірген артисі Кәрменов Жәнібек 1949 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан, бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында дүниеге келген.
Алғашында Алматы эстрада-цирк өнері студиясының әншілік бөлімін, одан кейін Қазақ мемлекеттік университетін бітірді
Тыңдарманын тамаша дауыс ырғағымен, орындау шеберлігімен тәнті етіп, талантымен таңқалдырған Жәкең «Өнер» баспасында редактор, Алматы мемлекеттік консерваториясында халық әндері кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарды. Ол өзіндік ән орындаушылығымен ерекше көзге түсті; көптеген халық композиторларының шығармашылық өмірі мен мұрасын насихаттау және олардың ұмытылған ән мәтіндерін қалпына келтіру ісіне зор үлес қосты; Қазақ радиосы мен телевизиясы арқылы халық әншілері мен әншілік дәстүр жайында хабарлар жүргізді.
Өнер тақырыбына арналған «Ақылбайдың әні», «Ғашықтың тілі», «Махаббат әні» кітаптары жарық көрді. 1984 жылы концерттік-орындаушылық, зерттеу қызметтері және жастар арасында халық өнерін насихаттаудағы жұмыстары үшін әншіге Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы берілді. 1996 жылы оның есімі Қарауыл ауылындағы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы) музыка мектебіне берілді. Тағдырлы талант 1992 жылы көлік апатынан қаза тапты.
Дәстүрлі ән өнерінде өзіндік дара жолын салып, мектеп қалыптастырып кеткен қайталанбас өнер иесіне арналған кеште Жәкеңнің төл туындылары мен орындаған әндері, кафедраның оқытушылары ҚР еңбек сіңірген әртісі Р.Стамғазиев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Е.Шүкіманов, Мәдениет қайраткерлері Н.Жанпейісов, А.Исатева, Т.Құрманғалиев, Е.Рысқали және студенттер мен Жәнібек Кәрменовтың артында қалған шәкірттерінің орындауында шырқалады. 
Кеш 19 қараша сағат 16.00 Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының оқу театрында өтеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста