«Алаштықтардың» қатары көбейді
Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының cекретариаты соңғы 2007-2011 жылдар аралығында жарық көрген, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығына ұсынылған шығармаларды және әдебиетті насихаттауда елеулі еңбек етіп жүрген қаламгерлердің кандидатураларын талқылай келіп, мына ақын-жазушыларға Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы берілсін деген шешім қабылдады:
Поэзия:
Көпбаев Темірғалиға «Кие» өлеңдер жинағы үшін;
Беделханұлы Бақытқа «Уақыт жүрегі» өлеңдер жинағы үшін;
Қалибекұлы Ғалымға «Ақкербез» өлеңдер жинағы үшін;
Ыбырайымұлы Әділбекке «Сүмбіле шуағы» өлеңдер жинағы үшін;
Шолақ Қуандыққа «Қоңыр жон» өлеңдер жинағы үшін;
Исаев Ибрагимге «Салқын сәуле» өлеңдер жинағы үшін;
Бөкен Абзалға «Төр» өлеңдер жинағы үшін;
Алпамысқызы Нәзікенге «Жарқырап аспанымда күн туғанда» өлеңдер жинағы үшін.
Проза:
Дәрібаева Жадыраға «Ақбура сезімдер» әңгімелер жинағы үшін;
Қойбағарұлы Ерсінге «Махаббатым — ғайып еренім» әңгімелер мен хикаяттар жинағы үшін;
Бодаубай Болатқа «Тұлға» сыр-сұхбатқа құрылған ғұмырнамалық романы үшін;
Рамазан Думанға «Алланың әмірі» әңгімелер жинағы үшін;
Жақсыбаев Ахатқа «Иса ақын» романы үшін;
Иманғазина Бибігүлге «Ащы өрік», «Үйге барғым келмейді» хикаяттары үшін.
Деректі проза:
Омарұлы Бауыржанға «11-інші қаламұш» эсселер жинағы үшін;
Дәуренбеков Жақауға «Ойдауа» ой-толғамдар жинағы үшін;
Қырғызбаев Өтешке «Қобызшы Жаппас Қаламбаев» деректі хикаяты үшін;
Шалқар Кеңесжанға «Зауал-заман» дилогиясы үшін.
Сын:
Ыбырайым Бекенге 2008-2010 жылдар аралығындағы жарық көрген әдеби-сын мақалалар топтамасы үшін;
Оспан Сейфоллаға «Қанаты қырқылған қырандар» сын-әдеби естеліктері үшін.
Көркем аударма:
Абдрахманов Сауытбекке В.Гюгоның «Аласталғандар» романының аудармасы (1-2 кітап) үшін;
Әбдешев Заманбекке В.Гюгоның «Аласталғандар» романының аудармасы (1-2 кітап) үшін;
Қодар Әуезханға «Исповедь» (Мағжан Жұмабаев), «Встреча в поднебесье» (Махамбет) аударма кітаптары үшін;
Мәсімханұлы Дүкенге Лу Шүннің повестер мен әңгімелер жинағының аудармасы (қытай тілінен) үшін.
Балалар әдебиеті:
Естенов Арасанбайға «Періштелер патшалығы» әңгімелер мен хикаяттар жинағы үшін;
Жексенбай Тұрдақынға «Әліппе» әңгімелері жинағы үшін.
Сатира:
Уайдин Үмбетбайға «Шолақ мылтық» сықақтар жинағы үшін;
Әлімбекұлы Толымбекке «Еркектер-ай, әйелдер-ай, қыздар-ай...» сықақтар жинағы үшін.
Орыс әдебиеті:
Гундарев Владимирге «Розы и полынь», «Душа стремится к небесам» өлеңдер жинақтары үшін.
Ұйғыр әдебиеті:
Ашири Ахметжанға «Идиқут» пьесасының Республикалық ұйғыр театрындағы қойылымы үшін.
Әдебиетті насихаттаудағы еңбегі үшін:
Нұржекеев Бексұлтанға,
Ақсұңқарұлы Серікке,
Шаштайұлы Жұмабайға,
Қалиұлы Сұлтанға,
Мәжитұлы Батыққа,
Елшібек Жанатқа,
Қалдыбаев Әлдиханға,
Мір Шайырға (Мырзағали Іңірбаев),
Есенқараева Ханбибіге,
Рахматулла Жақсылыққа,
Қапалбекұлы Нағашыбекке,
Қарабек Бауыржанға Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы берілді.