Әлем мойындаған қазақ ғалымы аудио-кітап шығарды

Әлем мойындаған қазақ ғалымы аудио-кітап шығарды

Кеше Алматыдағы  Ұлттық кітапханада белгілі әдебиеттанушы ғалым, көрнекті қаламгер Немат Келімбетовтің шығармашылығына арналған дөңгелек үстел болып өтті. «Н.Келімбетов – жазушы, түрколог ғалым» деген тақырыпта өткізілген бұл жиынға еліміздің зиялы қауым өкілдері мен алыс-шақын шетелдерден қонақтар қатысты.
Ғылыми-танымдық сипатта ұйым­дас­ты­рылған осы жиын барысында Немат Келімбетовтің қазақ әдебиетіне сіңіріп келе жатқан еңбегі мен ежелгі түркі әдеби мұра­сын зерттеудегі елеулі үлесі жайында жан-жақты ой-пікірлер айтылды. Аталған дөң­ге­лек үстел жұмысын белгілі жазушы Сма­ғұл Елубай жүргізіп отырды. Кітапханада ұйым­дастырылған жиын барысында қаламгер Немат Келімбетовтің түрік, қы­тай, неміс тілдеріне аударылған еңбек­те­рі мен аудио-кітаптың тұсаукесер рәсімі өткізілді.
Соңғы жылдары қазақ қаламгерлерінің кітаптары бірқатар шет тілдеріне аударыла бастады. Бұл өз кезегінде қазақ әдебиеті мен ұлтымыздың жалпы руханиятын әлемге танытуға қосымша мүмкіндіктер беретіні сөзсіз. Осы орайда қаламгер Немат Келімбетов еңбектерінің де әлемдік рухани кеңістікке шыға бастағанын оң құ­былыс деп бағалаған жөн. Тағы бір айта кетер жайт – жуырда Немат Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейді» атты романының не­міс тіліне аударылған нұсқасына ЮНЕСКО аясындағы ең мерейлі марапаттардың бірі – Еуропаның Франц Кафка қоғамының наградасы берілді. Аталмыш беделді ма­рапат бұған дейін әйгілі киноре­жис­серлер Стивен Спилберг пен Милош Форманға және жапонның атақты жазушысы Харуки Муракамиге берілген болатын. Бұдан соң қа­ламгер ғалымның осы «Үміт үзгім кел­мейді» кітабы қытай, түрік тілдеріне ауда­рылып, тұсаукесер рәсімдері Ыстамбұл мен Бейжің қалаларында өткен. Алматыда өткен бұл жолғы басқосуда жазушының түрік тілінде жарық көрген үш бірдей кіта­бының тұсаукесері өткізілді.
Немат Келімбетовтің қалың оқырман қолдан-қолға өткізіп оқитын кітаптың бі­ріне айналған «Үміт үзгім келмейді» хикаят-монологі мен «Ұлыма хат» эссе­ле­рінде өмірге деген құштарлық, ұлттық рух, биік адамгершілік мақсат-мұраттар тереңнен талданған. Ұлт әдебиетіне бар бол­мыс-бітімімен, талант-жігерімен қалт­қы­сыз қызмет етіп жүрген Немат аға­мыздың есімі көпшілікке шетел классик­те­рінің үздік шығармаларын қазақ тіліне тәржімалаған білікті аудармашы ретінде де жақсы таныс. Ол армян жазушысы Лео­нид Грунцтың, украин жазушысы Василь Казаченконың, өзбек жазушылары Сайд Ахмад пен Пірімқұл Қадыровтың шығар­ма­ларын қазақ тілінде сөйлетті.
Қаламгердің тағы бір ерекше қыры – ол әдебиеттану саласына қосып келе жат­қан өлшеусіз еңбегі. Негізінен, түркі әлемі­нің әдебиетіне зейін қойған зерделі ғалым «Ежелгі түркі поэзиясы және қазақ әде­бие­тіндегі көркемдік дәстүр жалғас­тығы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Бұған қоса, ғалымның «Қазақ әдебиеті бастаулары», «Көркемдік дәстүр жалғастығы», «Ежелгі дәуір әдебиеті» және басқа да күрделі тақырыптарға жасаған терең талдаулары бірнеше сүбелі кітап­тардың жарық көруіне негіз болған. Қалың оқырман біле жүрсін деген ниетпен қалам­гер-ғалымның мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының жүзеге асуына да қосқан үлесі бар екенін айта кеткеніміз жөн. Осыдан біраз бұрын аталған бағдар­лама бойынша «Қазақ әдебиетінің тарихы­ның» 10 томдығы шыққан болатын. Осы жинақтың «Ежелгі дәуір және орта ғасыр әдебиеті» деп аталатын екінші томы мен «Алтын Орда дәуірі мен қазақ хандығы тұсындағы әдебиет» деп аталатын үшінші томының жалпы редакциясына Немат аға­мыз тікелей өзі жетекшілік жасаған. Соны­мен қатар қайраткер ғалым Немат Келім­бе­тов – «Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі» бағдарламасы бойынша жоғары оқу орны студенттеріне арнап жазылған бірқатар оқулықтар мен арнайы оқу құралдарының авторы. Осы уақытқа дейін қаламгердің әде­би кітаптары мен ғылыми еңбектері орыс, украин, түрік, қытай, неміс тілдерінде жарық көрген.
Қансейіт ӘБДЕЗҰЛЫ, филология ғылы­мы­ның докторы, профессор:
– Немат Келімбетов ағамыз бүгінде әлем мойындаған түрколог ғалым ре­тінде кеңінен танылып отыр. Ол кісінің ғылыми жетекшісі – атақты ғалым Бей­сен­бай Кенжебаев. Ал Бейсекең – қазақ әдебиетінің қара нары Мұхтар Әуе­з­овтің шәкірті болған. Бейсенбай Кенжебаев сынды ұстаздан тәлім алған, қазірде есімдерін ел білетін Алма Қыраубаева, Мырзатай Жолдасбеков, Мұхтар Мағауин сынды ғалымдармен қатар Немат ағамыз да көне дәуір әде­бие­тіне, оның ішінде түркі дүниесіне кеңес үкіметі тұсында-ақ ден қоя бас­таған. Сол кездегі қызыл саясаттың сойылын соқпай, партияның ықпалына қара­мастан түп-тамырымызға үңіліп, ежелгі түркі әдебиетіне зерттеу жүргізу – Немат ағамыздың қиын кезде де ұлт үшін аянып қалмағанын айқын аңғар­та­ды. Бұл кісінің әдебиеттанудағы зор еңбек­тері мен көркем әдебиеттегі шығар­малары жеке-жеке талдап-тану­ды қажет етеді.
Ал Немат ағамыздың ғылыми еңбек­тері мен әдеби кітаптарының әлем тілдері саналатын түрік, қытай, неміс тілдеріне аударылуы – бұл, ең алды­мен, қазақ руханиятының жемісті жеңісі деп білемін. Демек, көрнекті жазушы-драматург, түрколог ғалым Немат Келімбетовті – қазақ оқырманы ғана емес, әлем мойындаған қаламгер деп бағалағанымыз жөн.

Өмірдерек
Немат Келімбетов – көрнекті қаламгер, түрколог ғалым, Қазақстанға еңбек сіңір­ген қайраткер, филология ғылымының докторы, профессор, ҚР Гума­ни­тар­лық ғылымдар академиясының академигі, Күлтегін атындағы сыйлықтың лау­реаты, ЮНЕСКО аясындағы Еуропаның Франц Кафка қоғамы наградасының ие­гері.
Кезінде Ташкент Қаржы-экономика институтында, Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-де жоғары білім алған. Бірқатар республикалық басылымдар мен жоғары оқу орындарында жауапты қызметтер атқарған. Қазіргі уақытта ұстаз­дық жолын жалғастырып, ғылыми-шығармашылық жұмыстармен айна­лысуда.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста