Альфара музыкалық аспабы жасалды

Альфара музыкалық аспабы жасалды

Күллі түркі халқы үшін сүйінші хабар! Абайтанушы, халық сазгері, ақын, журналист, семейлік Арғынбек Ахметбекұлы альфара деп аталатын жаңа аспап ойлап тапты. Бірегейлігі сол: альфара  үш ішекті.  Автордың айтуынша, бұл – көне аспап. Кезінде түркі халқының осыған ұқсас аспабы болған екен. Арғынбек Ахметжанов соны өзіндік стильде өңдеп, жаңартып, қайта қатарға қосты. 
«Үш ішекті домбыра Абай елінде Абайдың тұсында болған. Және бұл кісінің айтуынша, түркі халқының осындай үш ішек­ті аспабы болған көрінеді. Негізі, мұн­дай музыкалық аспапты жасаушы – әл-Фара­би. Тағы бір айтарлығы, «үш ішекті дом­бы­ра жасап бер» деп  қалап, өзінің кепкен ағашын алып келген Шәкір Әбенов деген ағамыз еді. Бұл кісіні барлығы біледі.  Тұңғыш Президентке батасын берген көне­көз қарт. 93 жас жасаған адам. Бір жағынан сол кісінің айтуы бойынша,  әрі қиялымда жүрген ойымды жүзеге асыру мақсатында осы аспапты ойлап, бүгінде жасап шығар­дым», – дейді абайтанушы.
Жаңғақ ағашынан жасалған аспаптың тағы бір ерекшелігі: үш ішегінен шығатын үн аспаптың төменгі бөлігіндегі үш ойық арқылы сыртқа шығады. «Үш саңылаудың болуы әуеннің үйлесіп, сыңғырлап шығуы үшін жасалған», – дейді шебер.  Тиегінің өзі де керемет. Түйе керуенінің бейнесінде жасалған.
Абайдың 45 өлеңі мен Шәкәрімнің екі өлеңіне ән-романс жазған талантты сазгердің өңірдегі ән-күй саласына сіңірген еңбегі де орасан. Арғынбек Ахметбекұлы – әншілік пен композиторлықты ғана жетік меңгермей, қолөнер бағытының да асқан шебері. Ол – киіз үй, тұрмыстық заттар мен саз аспаптары сынды көптеген туындының авторы.  Осы уақыта дейін өз қолынан жүз­ден астам домбыра жасап, оның барлығын таныс-туыстарына тегін сыйлапты. Арғын­бек Ахметжанов өзі ойлап тапқан үш ішекті альфара  аспабы арқылы Абай мен Шәкә­рім жазған әндерді насихаттамақ ниетте. Бұл үшін Шәкәрімнің отыз ән-дастанын нотаға түсіріп, кітап қылып шығарып та қойған. Арғынбек қартты  Абай үлгісіндегі домбыра жасайтын шебер десе де бола­ды.
Арғынбек АХМЕТЖАНОВ, абайтанушы, халық сазгері:
– Осы альфараны жасап шығару 15 жыл бұрын ойыма келген еді. Ол ойым соңғы бір жылда жүзеге асты. Алдымен аспап жасау үшін ағашын дайындап алу керек. «Үйдің жақсы болуы – ағашынан, жігіттің жақсы болуы – нағашыдан» дей­ді ғой. Кандай музыкалық аспап бол­сын ол, кепкен қатты ағаштан жаса­луы тиіс. Ал бет тақтайы жұмсақ қара­ғай­дан болады. Ал мен таза жаңғақ ағашынан жасадым. Альфараның тиегі де, шанағы да, бар­лы­ғы осы ағаштан. Енді альфара  деп атауымның себебі, «аль» деген буын­ның мәні: медицинада адамның жұмыс істеп, қалыпты жағдай­да отыр­ған сәттегі жүрек соғысын  альфа ­дейді. Яғни орта­ша жүрек соғысы парасатты ойды, кең­пейілділікті, адамгер­шілікті білдіреді. Со­сын «аль» деген тағы – әл- Фарабидің ал­­ғашқы буыны, «фа» деген Фараби дегеннен алынған тағы да. Әл- Фараби – түркі халқынан шыққан музыкалық тео­рияны Пифагор­дан кейін жасап шығарушы. «А» деге­німіз – Абай. Дом­быра­дан ерекшелігі: мұнда ритм, ырғақ басым. Осы аспап арқылы Абай мен көп әні тарамай жат­қан Шәкәрім бабамыз­дың әндерін тарат­сам деймін. Сонымен қоса, бұл аспап жалғыз бол­май­ды. Жа­ны­на тағы бес түрлі домбыра қосып, ан­самбль құрсам деген бір арманым бар.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста