Әли Оқапов пен Қайрат Нұртасқа қазақ қызынан хат! (фото)

Әли Оқапов пен Қайрат Нұртасқа қазақ қызынан хат! (фото)

 Сәлеметсіз бе, Қайрат аға! Әли аға!

Хатымдағы сөз басын жасы үлкен Қайрат ағаға сөзімді бағыттаймын. Мен сізді "аға" деймін. Мыңдаған жанкүйер, өнеріңізді сүйер қарындастарыңыздың бірімін. Мен осы хатты кәсібіме байланыссыз түрде, Қазақстанның азаматы ретінде жазып отырмын. Сіз жақында ғана «Эстрада» номинациясы бойынша «Дарын» мемлекеттік сыйлығын иелендіңіз. Сонымен қатар «Құрмет» орденін де Алматы әкімі Бауыржан Байбектің қолынан кеудеңізге тақтыңыз. Сіз – ең әуелі әншісіз. 10 жасыңызда алғаш үлкен сахнаға шығып ән салыпсыз. 15 жылдан астам өнер жолында жүріп, жастар арасында хит болған талай әнді шырқадыңыз. 2006 жылы шыққан «Арман» әніңізден бері қарай Сізді барша қазақ, Қазақстан таниды.

Сіз, 2011 жылы Қазақстан ұлттық арнасы ұйымдастырған «Екі жұлдыз» байқауына қатыстыңыз. 2012 жылы 25 ақпан туған күніңізде «KN» атты журналыңыздың тұсауын кестіңіз. 2013 жылы Баян Есентаева продюсерлік еткен «Саз әлемі» байқауында «Жыл әншісі» және «Жыл әні» атағын жеңіп алдыңыз. 9 сәуірде өзіңіз басты рөлін сомдаған «Өкініш» фильміңіздің премьерасы өтті. 2014 жылы «Муззон» ЕМА-2014 премиясында «Жылдың үздік әншісі» атандыңыз. Осы жылы III Еуразиялық музыка жүлдесінде «Үздік орындаушы» номинациясын алдыңыз. «Қайрат Нұртас» тігін цехіңіз жұмыс істей бастады. Тұңғыш рет Астана қаласында өткен «МуЗТВ» арнасының арнайы «Гравитация» премиясында халықтың дауыс беру нәтижесінде Қазақстанның үздік әншісі атандыңыз. Алматы және Астана қалаларында Қазақстанда бұрын соңды болмаған 3D шоу концертін бердіңіз. Жақын шетелдердегі қандастарымызға барып концерттер беріп жүрсіз. Былтыр 3 шілдеде, жақында ғана кеудеңізге орден таққан, сол кезде «Нұр отанда» қызметте болған Бауыржан Байбектің қолынан партия билетін алдыңыз. Сол партия сізді Парламент Мәжілісінің VI шақырылымы депуттарына үміткер де етті. Бірақ, сізді депутат еткен жоқ. Дегенмен сіз осы аралықта тілшілерге берген сұхбатыңызда «Мен депутат болғым келеді. Егер мені депутат етіп сайлап жатса, несі айып? Мен мәдениетті дамытуға, қазақ тілінің мәселелеріне көңіл бөлген болар ем. Ауылдардың тұрғындарына көмектесер едім» депсіз. Иә, мен және менің замандастарым сіздің өміріңізде, өнеріңізде не болып жатқанын жақсы білеміз. Ал, сіз өзіңіздің концертіңіз өте қалса залға сыймай қалатын қазақтардың тұрмысында, елінде, жерінде, ауылында не болып жатқанын білесіз бе? Рас, сіз таяуда ғана Ақтөбе облысында қайырымдылық концерт бердіңіз. Бірлі жарым балалардың тілегін орындағаныңызды, мүгедек жандарға көмектескеніңізді естиміз. Дегенмен ... Әли Оқапов мырза! Сізді Жұрт Роза Қуанышқызының ұлы ретінде біледі. Әрине, сұхбаттарыңызда «анаңыздың етегіне жармасып өспегеніңізді» айтқансыз. Әніңізді сүйіп тыңдамасам да сүйкімді әншісіз. Билеп тұратын қозғалыстағы әншісіз. 2013 жылы Қайрат Нұртастың алдын орап, EMA 2013 Еуразиялық музыка премиясының «Ер кісілер арасында үздік орындаушы» атағын жеңдіңіз. «Беш» деген клипіңізді сол күйі түсіне алмай кеткенмін. Сіз де санаулы күн бұрын Қайрат Нұртаспен бірге «Дарын» мемлекеттік сыйлығын алдыңыз.

***

Сіздер алған сыйлық мемлекетке еңбегі сіңген жандарға беріледі. Сіздер алды деп қызғанғаным емес. Иә, әркім алып жатыр. Сіздер биылғы жылы қазақтың тағдыры сынға түскен «Жер мәселесінде» үнсіз қалдыңыздар. Мыңдаған, тіпті жүз мыңдаған тыңдаушыларыңыз бола тұра үнсіз қалдыңыздар. Биыл Желтоқсан оқиғасына 30 жыл. Сол желтоқсанға қатысқан жастар сіздер мен менің жасымдағы қыршын жастар еді. Жүздеген желтоқсандық сотталып жастық шағын пида етті. Тағдырлары тәлкекке түсті. Үйсіз-күйсіз жүргендері бар. Солар билік тарапынан «наградталмады». Желтоқсан болмаса Тәуелсіздік болар ма еді? Тәуелсіздік болмаса сіздер ән салып жүрер ме едіңіздер? Тәуелсіз 25 жылда біз бірден гүлденіп кетпедік. Құрбандықтар беріп келеміз. Дәл осы желтоқсанмен бірдей қанды оқиға «Жаңа өзен» қалды жүректе ауыр жара боп. Байқоңырдан ұшқан зымырандар қазақ даласын улап жатыр. Билік себебін «анықтай алмай қойған» жүз мыңдаған киіктің қырғыны қазақ үшін қасірет емей немене?

Хабар арнасынан көрсетілетін «Қазақстанда» өмір сүргісі келіп, мәдениеттен өркениеттен жырақ қалған қаншама ауылдар бар? Сусыз, жарықсыз, интернетсіз қаншама ауыл үй бар? Қайрат, Сіз Алматыда тумасаңыз да, алты жасыңыздан Алматыда оқып, ержеттіңіз. Әли мырза болса Алматыда туған асфальттің баласы. Алматыны жақсы білесіздер. Шешілмей жатқан қаншама мәселесі бар: Күн сайын көк түтінге көметін көлік кептелісі; Баспанасыз жүрген, қаңғырып жүрген, базарда арба сүйреп қазақтың жастары; Жыл сайын неше он мыңдаған түсік тастайтын қазақтың қыздары; ажырасып кетіп жатқан әрбір үшінші неке... Бұл басқа қоғамның, басқа ұлттың мәселесі емес. Өздеріңізді басына көтеретін қазақтың проблемасы. Әлеуметтік желіде сіздерді оқитын миллионнан астам оқырмандарыңыз бар. Сіздер әлеуметтік желіні сол жастарды коммерциялық жарнама үшін, концертке шақыру үшін қолданғаннан басқа да пайдаға жарата аласыздар. Сыйласуға, ынтымақты болуға, ішімдіктен аулақ болуға, кітап оқуға, иманды болуға, елді-жерді сүюге шақыра аласыздар. Қайрат, Сіз «депутат болсам қазақ тілін дамытам» деген едіңіз. Нюшаны екі ауыз қазақша сөйлеткеніңізден қазақ тілі дамып кетпейді ғой. Қазақ тілін депутат болмай-ақ та дамытуға болады. 2008 жылы 25 ақпанда Алматы қаласы Республика сарайында «Тәтті сезім» атты алғашқы шығармашылық ән кешін бергеніңізден бері Сіз өткізген концертте зал толмай қалған емес. Қазақтың кез-келген бір мықты ақыны немесе қазақ мәселесінің қабырғасын қаусатып жүрген жазушысы шығармашылық кеш берем дей қалса зал толмауы мүмкін. Бірақ, Сізді тыңдауға жұрт келеді. Бұл Сіздің үлкен күшіңіз. Сіздердегі күш – өнеріңіз емес, тағып алған медалыңыз емес, партиялық билетіңіз емес, әр тойдан арқалап кететін миллиондаған теңгеңіз емес, қымбат көліктеріңіз немесе аналарыңыз емес. Ол халықтың, қазақтың сіздерге деген махаббаты. Сіздер де соған лайықты қызмет істеңіздер. Тыңдармандарыңызды ізденіске, білім алуға, кітап оқуға, еңбек етуге шақырсаңыздар екен. Маған ел тағдырын шешіп жүрген азаматтар тасада қалғандай сезіледі. Сөз соңында, «Өздеріңізді алған орден-медальдарыңызға лайықпын деп санайсыздар ма?» деген сауал тастағым келеді.


qamshy.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста