Әлия Молдағұлованың анасы жерленген қорым табылды

Әлия Молдағұлованың анасы жерленген қорым табылды

Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың анасының жерленген жері табылды. Бір жыл бойы іздеу жұмыстарын жүргізген Ғалымжан Байдербес ақсақал «ақыры таптым» деп келді. Саналы өмірінің 37 жылын Әлия Молдағұлованың ерлігін дәріптеуге арнап келе жатқан ол батыр қыздың рухы үшін анасының жатқан жеріне белгі қойып, басын қарайту керек, бұл – біз үшін үлкен міндет әрі батыр қызды туған ананың рухына тағзым ету арқылы келер ұрпаққа патриоттық тәрбие береміз дейді.
Ақтөбе халқы батыр қыздары Әлияның есімін ту қылып ұстайды, ардақтайды. Бірақ бүкіл елдің мақтанышына айналған батыр қызды дүниеге әкелген Маржан Мол­дағұлова жайлы ешқандай дерек жоқ. Қай жерге жерленгені де осы уақытқа дейін белгісіз болып келді. Ғалымжан Бай­дербес ақсақал бір жыл бойы Әлияның туыстарын аралап, көз көрген мен құлақ естігендердің әңгімелерін тыңдап, сұ­расты­рып жүріп, ақыры Маржанның жер­лен­ген жерін анықтап тауыпты.
– Мен 37 жыл бойы Әлияның ер­лігін дәріптеп, қандай да болмасын бір деректерді жинақтап, насихаттап жүрген адаммын. Жасым біразға келді, ертең олай-бұлай о дүниелік болып кетсем, Әлияның шешесінің қай жерге жерленгенін таппапты деп біреулер айтуы мүмкін ғой дедім. Әлияның тума-туыстарының өздері іздер ме екен деп әрі-бері неше жыл күттім. Өз төркініне де, барған жағын­да­ғы­ларға да бірнеше рет ескерттім. Жағ­дайлары келмеді ме, іздеу тәсілін білмеді ме, әйтеуір біреуі де қозғалмады. Содан былтырдан бері жатпай-тұрмай өзім қолға ал­дым, – деген Ғалымжан Байдербес ақ­са­қал өзі жинақтаған көз көргендердің айтуымен жазып алған бірнеше жазба­ларды көрсетті. – Бұлақ ауылында тұратын Әбдіраман Рабаев деген ақсақалдың көрсетуімен орнын таптық. Жермен-жек­сен болған қорымнан Маржанның басына қойылған құлпытастың сынығына дейін таптық. Жазулары өшіп қалған екен.
Әбдіраман Рабаевтың өзі бұл құл­пы­тастың сынығы туралы ағасы Бақдәулеттің айтуымен біледі екен. Бүгіндері дүниеден озған Бақдәулет ақсақал Қарағанды қаласында тұрған. «Әлия» спорт мектебін ашқан, беделді адам болыпты. Жылда елге келіп, ас беріп тұрған екен. Соңғы рет 2006 жылы Көкмешіт деген жерде ас беруге келгенде, көптен бері ішімде сақтап жүрген құпиям еді деп, інісі Әбдіраман Рабаевқа біраз нәрселерді айтады. Сөйтіп, оны Бұлақ ауылына бара жатқанда Борантаудың күнбатыс жиегінде, Өрбісін тоғайы деп аталып кеткен жердегі Көк мешітке ертіп апарған екен.
Әбдіраман РАБАЕВ, Бұлақ ауылының тұрғыны:
– Әлияның анасы Маржан жөнінде ешқандай мағлұмат жоқ. Есіңде болсын, оның жерленген жері Көкмешіт деп үйіндінің орынын көрсетті. Қазір іздемегенмен, уақыт өте іздер, сондықтан сенің білуің керек, естиярдан қалған сен емессің бе деп тапсырған болатын. 2011 жылы Маржан әжеміз жерленген жерге Бақдәулет ағам көрсеткен құлпытасты қойып, белгіледік. Енді ас беріп, осы араға белгі қойып, орынын бекіту қалды.
Ақжігіт МӘЖИТ, Бұлақ ауылында бірнеше жыл әкім болған:
– Бақдәулет құдамыз келген сайын қорымдарды аралап, ата-баба рухына құран бағыштайтын. 2006 жылы соңғы рет келіп, Маржанның жерлен­ген орнын көрсеткенде, қасында бірге жүріп, осы әңгімені мен де естігенмін, – деп Әбдіраманның айтқандарын растады.
Осы күнге дейін жеткен деректерге сүйенсек, 1933 жылы ашаршылық екі бү­йірден қысқанда Маржан Тәжікен әжесін (інісі Әубәкір Молдағұловтың ше­шесін) сағалап, Құрайлы ауылына барады. Картоптың келдегін теремін деп жүргенде бақша күзетшісінің оғы тиіп, мерт болған екен...
– «Маржан оққа ұшты» дегенді естіген әкеміз Өрбісін өз баласы Өсербайды жіберіп, сүйекті алдыртады, – дейді Еркін Өрбісінов. Ал Нұрмұхамбеттің екінші әйелінен туған, Әлияның сіңлісі Тәжен Сарқұлова да осыны растайды. «Осы оқиғаны 90 жастан асқан Қарлыға апайдың аузынан естіп едік. Нұрмұхамбет әкем орыстар атты деуге қорқып, көп анық-қанығын айта бермейтін. Білетініміз, әкемнің ағасы Өрбісіннің баласы Өсербай Маржан шешеміздің сүйегін ердің алдына өңгеріп алып келіпті. Содан оны Көкмешітке жерлеген. Содан кейін Нұрмұхамбет әкеміз 8 жасар Әлияны жалғыз балдызы Әубәкір Молдағұловқа береді. Ал ұлы Бағдатты Қалжан апасына тапсырған екен», – дейді.
Маржан Молдағұлованың қай жылы туғанын анықтау үшін Ғалымжан Бай­дербес ақсақал Әубәкір Молда­ғұловтың баласы Сапарға арнайы барып, жолыққан екен. Ол «әкесі Әубәкірдің 1902 жылы ту­ғанын, Маржаннан төрт жас кіші болғанын айтқан соң, Маржан 1898 жылы туылған болу керек деп пайымдайды. Ғалымжан Байдербес ақсақал Бұлақ ауылындағы бірнеше адамдардың естеліктерін жазып алып, бәрін жинап қойған. Бұл – батырдың анасының жатқан жерін, туған жылын анықтайтын деректер», – дейді ол. Енді билік басында отырған, қолында құзыреті барларға кіріп, мәселе қылып көтермекші. Батыр Әлияның анасының жатқан же­ріне ескерткіш қойдырып, айналасын қоршат­қы­сы келеді. Батырдың анасының рухы ри­за болсын деген тілекпен әкім­шіліктен қолдау күтеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста