"Алла жаныңды қуырсын": Тағы бір журналист өзін Бекболат Тілеуханов қарғағанын айтты

"Алла жаныңды қуырсын": Тағы бір журналист өзін Бекболат Тілеуханов қарғағанын айтты

"Жас Алаш" газетінің журналисі Тоқтар Жақаш өзін Бекболат Тілеуханның қарғыстағанын айтты. Депутаттың хатын жариялаған журналисе сенгендер де, сенбестік білідіріп қарсы пікір айтқандарда бар.

Бұл туралы журналист желідегі парақшасында жазды. 

 
"Nur-Otan мынандай мракобестерден қашан арылады? Әлде, халықты қарғатып, дуалап, көзін байлап отыру үшін осындай колдун-мүттәйімдарды әдейі жинап алған ба? Онда партияның атын ауыстыру керек! Болмаса, мынандай қатынауыз қарғысы үшін Бекболат Тілеуханды партиядан шығарып, қатаң жазаға тартылуын талап етемін! Дәл осы қарғысы үшін Бекболат Тілеуханның емес, Nur-Otan партиясының беделі құлдырап барады!

Шара қолданбаса, бұл партияға деген халықтың сенімі мүлдем жойылады! Қиыс кеткен ақпаратты теріске шығарудың зайырлы жолдары бар ғой. Nur-Otan мүшелері сол зайырлы жолмен жүріп, елге үлгі болуы тиіс еді. Ортағасырлық көзқарастағы Nur-Otan мүшесі бұл қоғамды қалай түзетпек? Бекболат Тілеухан Nur-Otan қатарынан шығарылсын! Парламент - халық мінбері! Бекболат Тілеуханның ҚР парламент мәжілісіндегі мандаты кері алынсын!", - деп жазды Тоқтар Жақаш. 


Имам Қабылбек Әліпбайұлы: Дарын Мүбаровтың басқа ағымда екенін бетіне айта аламын

Бекболат Тілеухан: Өлсек өлерміз, мен дайынмын (видео)

Желі қолданушыларының бірі қарғыс айтқан депутаттың бұл қылығына наразы. Енді бірі әдейі жала жапты деп ақтап  алуға тырысты. 

"Мынау беті ашылып кеткен әйелдер сияқты қарғайды ғой. Депутатымыздың сиқы осындай болса, соларды тағайындап отырған Нұр-отанның үлкен басшылары қандай екен...?"

"Нұротаннан шығара ма, ол енді өздерінің ішкі мәселесі. Парламенттен шығарылуы керек", "Еркектің қарғанғанын алғаш естігенде таңғалғанмын. Енді оқып көріп отырмын".

"Молда атам қарғыстың ең жаманы қолың артыңа жетпей қалсын дегені дейтін. Төрт құбыласы түгел байлар бұлай қарғаса басқасы қайтіп шыдап жүр екен".

"Бұл жалған. Қолдан жасап, жала жабудың керегі жоқ. Депутатқа жамандық ойлайтындар көп", "Бұның нақты Тілеуханов жазғанына кім кепіл береді? Ақ-қарасы жоқ жл сөзге сенуді қою керек", - деді олар. 

Айта кетейік, бұған дейін депутат өзін ренжіткен азаматты қарғыстаған еді. Кейін кешірім сұрағандықтан, еш өкпесі жоқ екенін айтты. Екі тарап осылайша татуласып, дау сонымен аяқталды. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста