Алмагүлдің «Жібек жолы»
«Мәдени Азиада» аясында Алматы қаласындағы «Тәңір-Ұмай» галереясында Алмагүл Меңлібаеваның “Саған деген менің жібек жолым” атты жеке көрмесі көрсетіліп жатыр.
Алмагүл Меңлібаеваның фотосуреттерінде Орта Азия аумағында айналып жүретін, бастауы әртүрлі мәдени және рухани дәстүрлер арасындағы шекаралардың қозғалысы суреттеледі. Ол әрқашан өз жұмыстарын халықаралық сахнаға қояды. Батыс пен Қазақстанда бірдей уақыт өткізіп, суреттерін көбіне шет аймақтарда түсіреді екен. Қазақстанда туып, Қазақ мемлекеттік театр және көркемсурет институтын (қазіргі Ұлттық өнер академиясы) тәмамдады. Одан кейін Берлин мен Алматыда тұрып, жұмыс істейді. «Тарлан» мен «Дарын» сыйлықтарының иегері.
Алмагүл Меңлібаева көптеген ірі халықаралық көрмелерге, оның ішінде 51-інші, 52-інші, 53-інші Венециан биенналесіне (2005, 2007, 2009); Сиднейлік биенналеге (2006); Обернхаузен кинофестиваліне (2009, 2010); Квинстің көркем мұражайындағы Tarjama/Translation (2009) мен Герберт Джонсон мұражайына (2010); Ослодағы Стенерсен мұражайындағы Off the Beaten Path, Women, Art, and Violence атты жылжымалы көрмеге (2009), Калифорниялық университетке (2009), Мексикадағы El Cubo-Tijuana мәдени орталығына (2010) т.б. қатысты. Қазіргі кезде оның жұмыстары Квинслендегі Ұлттық австралиялық көркем галереядағы «ХХІ ғасыр: Бірінші онкүндіктің өнері» атты ірі көрмеге қойылған. Ол Шарджадағы биенналеге қатысуға шақырылған (2011 жылдың наурыз-мамыр айлары). 2011 жылдың 24 наурызынан 14 мамырға дейін оның тұрақты серіктесі Priska C. Juschka Fine Art нью-йорктік галереяда жеке көрмесі жоспарланған. Алмагүл Меңлібаеваның жұмыстары Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы (Қазақстан), Филадельфиялық көркем мұражай (АҚШ), Антверпендік қазіргі заман өнер мұражайы (Бельгия), Квинсленд Ұлттық көркем галереясы (Австралия) топтамасы үшін сатып алынды.