Алматы көшелеріне Әбіш Кекілбаев пен Фариза Оңғарсынованың аты беріледі
Алматыда 160-тан аса көшенің жаңа атауы бекітілді. Бұл туралы мәслихат сессиясы барысында белгілі болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы мәслихатының сессиясы барысында Алатау және Бостандық аудандарындағы бірнеше көшенің жаңа атауы бекітілді.
"Көше атауларын өзгертудің бірден-бір себебі - олардың қайталана беретіні", - деп түсіндірілген хабарламада.
Алматыда жаңа атаулар бекітілген соң қалада қазақ әдебиетінің қос майталманы Әбіш Кекілбаев, Фариза Оңғарсынова атындағы көшелер пайда болды.
Еске сала кетейік, биыл мамыр айында Алматы мәслихатының комиссиясы 164 көшенің атауын өзгертуді ұсынған болатын.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу