Алматыда Алмат ақынның кеші өтті

Алматыда Алмат ақынның кеші өтті

Күні кеше Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, азаматтығы мен ақындығы дара Алмат Исәділдің "ЕЛІМ БАРДА..." атты ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шығармашылық кеші өтті. Айтулы ақынның жыр кешіне жырсүйер қауым Алматы қаласы, М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрына жиналды.

Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын, аудармашы, журналист Алмат Мұратұлы Исәділ бүгінде республикамызға танымал азаматтардың бірі. Райымбек ауданы, Кеген ауылындағы №2 орта мектебінде, аудандық музыка мектебінің домбыра сыныбында дәріс алған. ҚазМУҰ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын өзі оқыған №2 Кеген орта мектебінде музыка пәні мұғалімінен бастаған. Одан кейін, Республикалық оқушылар Сарайында, «Алматы ақшамы» газетінде бөлім меңгеруші, жауапты хатшы, «Елорда» баспасында әдеби редактор, «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгеруші, Қазақ- Британ университетінің редакциялық-баспа бөлімінің бас менеджері, «Қазақ радиосы» бағдарламалар бөлімінің шеф-редакторы, «Әдебиет айдыны» газеті бас редакторының бірінші орынбасары, «Қазақ университеті» газеті бас редакторының орынбасары, «Жас қазақ үні» газеті бас редакторының бірінші орынбасары, «Қазақстан» ұлттық телеарнасының жүргізуші-редакторы, «Алаш айнасы» газетінде Мәдениет бөлімінің редакторы қызметтерін атқарған.
Қазіргі уақытта Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің Қоғаммен байланыс және редакциялық қызмет департаментінің директоры. Халықаралық «Шабыт» фестивалінің дипломанты, бірнеше жыр мүшайраларының жүлдегері, Ілияс Жансүгіров рухына арналған республикалық мүшайрасында Сайын Мұратбеков атындағы арнайы сыйлықтың иегері. Әдеби аудармалармен де айналысады. Түріктің Ж.Әміре сынды классиктері мен қатар М. Джевдет, А. Тимучин, О.Рифат есімді танымал түрік шайырлары мен А.Пушкин, С.Есенин, М.Лермонтов, И.Северянин, И.Анненский сынды орыс ақындарының шығармаларын қазақшалаған. Орыс тілінде жазатын ресейлік ақын- аудармашы С.Мнацаканян мен қазақтың көрнекті ақыны О. Сүлейменовтің бірқатар шығармаларын ана тілінде сөйлетті. Ақын сондай-ақ балалар әдебиетіне де ден қойып, кішкентай оқырмандарға, жалпы балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармалар жазуда жүр. Ақынның бірқатар өлеңдеріне жазылған әндерді бүгінде қазақ ән өнерінің майталмандары орындауда. Өлеңдері «ХХІ ғасыр ақындарының антологиясы» сынды бірнеше ұжымдық жинақтарға енген. «Отырар кітапханасының» тұңғыш сериясымен жарық көрген «Жолдар, жолдар...», «Көңіл алаң», «Көкжиекке сіңген жол», «Бір тамшы...»жыр кітаптары мен «Мен қазақтың баласы» атты балаларға арналған өлеңдер жинағының авторы. Қазақ әдебиеті мен журналистикасы саласындағы жетістіктері үшін 2013 жылы «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталған (baq.kz).


Қазақ поэзиясында өзіндік қолтаңба қалыптастырып, ерекше өлең өрнегімен оқырман жүрегіне жол тапқан ақын, аудармашы, журналист Алмат Исәділдің «Аспантау» кітабының тұсауы кесілді.

Роза Әлқожа, әнші: Алмат Исəділ ағамыздың кеші өте жылы, жып-жинақы кеш болды. Көрерменнің өлеңге деген қошеметі мен ыстық ықыласынан бізде руханиятқа шөлдеу, жан азығына ұмтылыс əлі де бар екенін ұқтық. Осы құрмет сахна сыртында тұрған бізге сезілген соң-ақ көрерменнің қаншалықты рахаттанып отырғанын білуге болатын шығар?!
Той құтты болсын айтып дастарқанға да бардық. Алмекеңнің өзі сияқты күн де жылы, айнала да жымиып тұрғандай əдемі күй кештік бір күнге!
"Анасының панасы","Балапандарым " деген əндері үшін авторға рахмет! Ғалияштың да бұл кеште үш бірдей əні шырқалды.
Ақын мен сазгердің шығармашылығы - əншіге олжа!


Алаш айнасы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста