Алматыда тюнингтелген трамвай пайда болды

Алматыда тюнингтелген трамвай пайда болды

Алматы көшелерінде қызыл-жасыл гүлдермен әсем безендірілген, ерекше трамвай пайда болды. Кеше оның журналистерге таныстырылымы өтіп, алғашқы трамвай жолға шықты.

Бұған дейін бір топ алматылық  VICTORY бастамашы тобын құрып, көшеде жүрген көне трамвайларды жаңарту бағытында «Өмір жолы» жобасын жүзеге асыру ұсынысын жасаған болатын. «Балалық шақ» деп аталатын трамвай №8 интернат балаларының суреттерінің негізінде безендіріліп, тозығы шыққан едендері мен орындықтары түгел ауыстырылған. Байтұрсынов пен Гоголь көшелерінің қиылысындағы трамвай депосынан қалаға жол тартқан трамвайдың алғашқы жүргіншілері де осы №8 интернат балалары болды. VICTORY бастамашы тобының өкілдері ескі трамвайларды безендіруді жалғастыратындарын айтады. Олардың айтуынша, алдағы уақытта «Армандар трамвайы», «Галерея», «Алматы тарихы», «Қанқыз» деген атаулар бойынша сегіз трамвай безендіріліп, жөндеуден өткізіледі.
Ардақ Қарықболова, VICTORY бастамашы тобының өкілі:
– Ескі трамвайлар Алматы тарихының бір бөлігі іспетті. Жүргізілген әлеуметтік сауалнамаға сүйенсек, қала тұрғындарының басым бөлігі үйреншікті болып қалған ескі трамвайлардың ғайып болғанын қаламайды. Оның үстіне әлемнің көптеген қалаларында ескі трамвайлар жаңартылып, тарихи жәдігер ретінде қала тұрғындары мен қонақтарына қызмет етіп жүр. Мәселен, Мәскеуге барған туристер аңызға айналған «Аннушка» трамвайына міндетті түрде отырады. Көлік қозғалысына қиындық келтірсе де, мәскеуліктер одан айырылғысы келмейді. Біз де Алматыда тарихи трамвайлардың пайда болуын көздеп, осы жобаны жүзеге асырып отырмыз. Алдағы уақытта қалған  жеті трамвайды безендіруге демеуші іздестіріп жатырмыз. Әр вагонға 2 миллион 500 мың теңге қаржы қажет.
Әбдібек Мұхамеджанов, трамвай депосының бастығы:
– Әсем безендірілген бұл трамвай тұрғындар мен қала қонақтарына ерекше көңіл күй сыйлайтынына сенімдімін. Өйткені қазір қала көшелеріндегі трамвайлардың дені – ескі, 1996 жылдары келген чех өнімдері. Алдағы уақытта саланы үш кезең бойынша дамытып, 30-40 метрлік жаңа трамвайлар сатып алу жоспарда бар. Ал бүгін жолға шыққан әзірше жалғыз, ерекше трамвай 4,6-бағыттарда кезектесіп қызмет көрсететін болады.

Керек ақпарат:
Қазіргі кезде Алматыда ұзақтығы 59,9 шақырымдық екі трамвай бағыты бар. Мұнда 47 вагон, 46 жүргізуші қызмет көрсетеді. Қалада жалпы ұзындығы 65 шақырымдық трамвай жолы бар. Бұларға қызмет көрсететін трамвай депосы 1938 жылы салынған. Мұнда 129 адам жұмыс істейді. Сондай-ақ жалпы ұзақтығы 65 шақырымдық трамвайлық электр желісі бар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста