Алматыда Жапон мәдениеті күні өтеді
Алматыдағы Оқушылар сарайында 31 наурызда Жапон мәдениеті күні өтеді. Шара барысында алматылықтар мен қала қонақтары Жапония өнері, мәдениеті, спорты, биі, асханасымен және жапон технологияларымен таныса алады.
Бағдарламаға жапонның тайко дауылпаздарында ойналатын ойын, «Есако Соран» биі мен кандо, кайдо, каратэ сынды спорт түрлерінен көрсетілімдер енгізілген. Сонымен қатар мәдениет күніне келушілер экибана, каллиграфия мен жапон тағамдарын әзірлеуден шеберлік сыныптарына қатыса алады. Шараға жапон компанияларының өкілдері де атсалыспақ. Жапон мәдениеті күнін Қазақстандағы Жапония елшілігі мен Қазақ-жапон орталығы, Алматы қаласы әкімдігі және Оқушылар сарайы әкімшілігі ұйымдастырып отыр.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу