Алматыны билеткен қыз

Алматыны билеткен қыз

Көтеріңкі көңіл күй, рухани тазалық, позитивті ойлар және ең бастысы – ырғақ. Кейде ол қым-қуыт тірліктің мазасыздығынан құтқаратын шексіз пәлсапаны тапқандай болады. Иә, оның ішкі нәзіктік әлеміне қоса, тағы бір өзіндік кеңістігі бар. Әңгіме Алматының алғашқы диджей қыздарының бірі туралы. Бүгінде қаржы-есеп саласының маманы Маржан Тұңғышбаеваның есімі 90-жылдары түнгі клуб әуендерімен байланысты болатын.
Дэвид Гетта, Эминем, Pitbull және Mohombi. Ритм-н-блюз бен чил-аутқа қа­тысты кез келген жаңа хит өзгелерден бұ­рын алдымен Маржанның әнжинағынан та­былады. Ол әлемдік музыканың ағым-ба­ғыттарын да ең пысық деген тиней­д­жер­лер­ден артық біледі. Клуб әуендерін елеп-екшеу – Маржанның сүйікті ісі. Ал мұның бәрі сонау 90-жылдары басталған еді. Көше­де – тоқыраудың салқыны. Көңіл көтеру орындарын магнитофоннан естіле­тін ретроәуендер билеп тұрған кезең. Мар­жан­ға бұл әуендер әсте ұнамайтын. Уақы­ты­нан сәл бұрын туған «келешектің адамы» өз ортасында қазір біз «клуб музыкасы» атап жүрген бағыттың өркендегенін іштей қалады. «Диджейлікті Аграрлық уни­вер­си­теттің 2-курсында оқып жүргенде бас­тадым десем болады. Жатақханадағы құр­бы­ларыма қонаққа келетінмін. Олардың дискотекасындағы әуендер көңілімнен шықпайтын. Оған билеп жататын адам да аз болатын. Сол кезде жатақханаға өзім мек­теп кезінен жинап жүретін ырғақты музы­калардан құралған аудиотаспаны әкеліп, «өз дискотекамды» өткізгім келді. Менің әуендерім студенттерге ұнайтын. Кейін кеш ұйымдастырушы ретінде атым шыққан мені өзге жатақханалар шақыра бас­тады, университетте бәрі танитын бол­ды», – деп еске алады Маржан. Оның бұ­дан кейінгі арманы түнгі клубта жұмыс істеу болды. Өйткені қас диджейдің қызмет орны – сол. Арада бірнеше жыл өткенде Маржан Алматыдағы танымал клуб – Tequila Sunrise-дің төрінен табылды. Мұнда «қышқыл» музыканың ырғағымен жан алып, жан берісуге келетін жастардың есінен «DJ Маржан» әлі күнге дейін кеткен жоқ. «Ол кезде қазіргідей емес, музыкалық орталық сияқты жабдық болатын. Соның дыбыс реттегіші арқылы түрлі ырғақты әуен­дерді бірінен соң бірін жымын біл­дір­мей әдемілеп құбылтып, бас-аяғы бүтін ком­позициялар жасайтынбыз. Сол кездегі дид­жейлік өнердің сипаты шамамен осы­лай болды. Кейін бұл салаға кәсіби му­зы­кант­тар келіп, диск айналдыру арқылы туын­дылар жасап, өзіндік концерт ұйымдастыру үрдісі басталды. Мен бұл кезде сүйікті ісімнен қол үзген болатынмын, бірақ табақша айналдыруды да әбден меңгердім», – дейді Маржан. Винил табақ­ша­ларының көмегімен әуен құбылту, яғни тернтейблизмнің шебері болған Маржан – бүгінде қаржы-есеп саласының да білгірі. Есеп-қисап пен ритм-н-блюз ырғақтары қашанда онымен бірге. Күндіз кеңсе жұмысының ортасындағы Маржанды түн ортасында клубтан, өзінің әлемінен көру – таңсық емес. Ал қарапайым есеп­ші­нің кезінде Алматыдағы алғашқы дид­жей қыздардың бірі болғанын біреу біліп, біреу білмейді.

Алаш-анықтама
Диджей – (ағылшынның disc jockey деген қысқарған сөзінен жасалған) — техникалық құралдардың көмегімен дыбыс тасымалдаушыларға жазылған музыкалық шығар­маларды бұқара алдында ойнатушы. «Диджей» сөзі ең алғаш 1935 жылы америкалық комментатор Уолтер Уинчел­дің аузынан шыққан. Ол бұлай деп әлемдегі тұңғыш диджей, радиожүргізушісі Мартин Блок­ты атады. Диджей­лер екі ойнатушы құрылғысы мен дыбыс реттегіші бар микшер пульті арқылы композицияларды туғызады. Дыбыс тасы­мал­дау­шылар ретінде грампластинкалар, магнитті таспалар мен MP3 фор­ма­тын­дағы компакт-дискілер қол­данылады. Түрлі виртуалды дыбыстық жүйе­лер орнатылған ком­пьютерлік жабдықтарды қолданатын диджейлер де бар.
Ритм-н-блюз (ағылшынның Rhythm and blues немесе R&B қысқарған сөзінен жасалған) — афроамерикалық музыканттар блюз, джаз және госпел ырғақтарын біріктіре отырып қалыптастырған бұқаралық танымал музыканың бір жанры. Термин 1949 жылы қолданысқа енді. Billboard журналы нәсіларалық алалаушылық туғызатын race music атауын R&B дегенмен сәтті алмастырды.
Чил-аут (ағылшынның Chillout, Chill out music деген тір­кесінен жасалған) — мағынасы «деміңді бас», «бо­саңсы» дегенді білдіретін сленгпен аталатын электронды музыканың бір стилі. 1990 жылдардың басында пайда болған клуб әуені даунтемпо, трип-хоп, хаус, транс, псибиент, лаунж, ню джаз, эмбиент, ай ди эм стильдерімен аста­сып жатыр. Көңіл көтеру орындарында адамдарды өзіне жылдам баурап, босаңсытатын мұндай әуендерді соң­ғы кездері танымал әншілер өз шығармаларына пай­да­ланатын болды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста