АЛТАЙДЫҢ АР ЖАҒЫНАН КЕЛГЕН АРУ

АЛТАЙДЫҢ АР ЖАҒЫНАН КЕЛГЕН АРУ

Анығында, руханиятқа еткен еңбек Отан қорғаудан бір мысқал да кем емес. Оған қазақтың атын әлемдік опера сахналарында танытып, мұхиттың арғы бетінде әуелете ән шырқап жүрген  Майра Мұхамедқызының жемісті еңбегін айтсақ, артық болмас. Әнші тәуелсіздік жылдарындағы 20 жылдық шығармашылығының есеп беру концертін  Оңтүстіктен бастағанды жөн санапты. Облыс әкімі Асқар Мырзахметов Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, танымал опера әншісі Майра Мұхамедқызын қабылдап, оған автокөліктің кілтін сыйлады.
Асқар МЫРЗАХМЕТОВ, Оңтүстік қазақстан облысының әкімі:
—Еліміздің тәуелсіздігі мен Елбасы саясатының арқасында саяси-экономикалық тұрғыда әлемге танылғанымыздан тыс мәдениетіміз бен спортымыз арқылы да Қазақстанды төрткүл дүние жақсы біледі деуге болады. Әлемдік деңгейде опера жанрында ән шырқап, Қазақстанның абыройын асқақтатып жүрген өздеріңіздей өнерпаздарымыздың көптігі елге қуаныш. Біз әрдайым сіздердің осындай биіктен көрінгендеріңізге марқайып, тілекші болып жүреміз.

Иә, қалай мақтанбасқа?! Еуропа сахнасында  сопрано дауысымен танылған беделді опера әншісі, Франциядағы атақты Гранд-опера театрында жұмыс істеу, бүкіләлемдік опера жұлдыздары, тенор Роберто Аланья, Марселло Альварез сынды әншілермен бірге ән салу екінің бірінің маңдайына жазылмасы анық. Бұл туралы тіпті, ағылшындық  The Washіngton Tіmes газеті: «Тылсым дауыстың иесі Майра Керей бірегей дарынымен, табиғи қуатты, ашық таза, жағымды да әдемі әуенімен көрермендер жүрегін жаулап алды. Майра Керей Вашингтон операсына үлкен рөлдермен қайта оралатынына кәміл сенеміз» деп жазды. Міне «Алтайдың ар жағынан келген арудың» «Қазақтың Наурызы Қазығұрттан басталған» деген аңызға жүгініп, Оңтүстік өңірді таңдауының өзі біз үшін мақтаныш емес пе?
Кездесу барысында күнгейдің өнер саласында еңбек етіп жүрген әріптестерінің деңгейін жоғары бағалаған әнші шымкенттіктерді Жұмат Шанин атындағы облыстық драма театрда өтетін ән кешіне шақырды.
Майра МҰХАМЕДҚЫЗЫ, опера әншісі:
Өзге елде туып өссем де әрқашан атамекен мен үшін ыстық сезілетін. Арқасүйерім деп 1994 жылы Қазақстанға келген жайым бар. Басты ұстанымым ел маған не береді емес, мен елге не бердім?.  Еліме азды-көпті еңбек еттім деп ойлаймын. Биыл өнер сахнасында жүргеніме 20 жыл толуына орай, республиканың барлық өңірлерінде концерт беруді жоспарлап отырмын. Осы істі қазақылықтың қаймағы бұзылмаған Оңтүстік Қазақстан облысынан бастағанды жөн көрдім.
Майра Мұхамедқызының Наурыз мерекесіне орайластырған шығармашылық концерті жоғары деңгейде өтті. Әлемдік опера әншісі қазақ әндерінен тыс әлемдік классикалық туындыларды нақышына келтіре орындап, тыңдарманның ыстық ықыласына бөленді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста