Алтын аймақ – Жетісу

Алтын аймақ – Жетісу

Алматы облысында «Алтын аймақ – Жетісу» атты жаңа туристік бағыт ашылды.  Бір  аптаға жоспарланған туристік маршрутта саяхатшыларға өңіріміздегі «Алтын емел», «Шарын», «Көлсай көлдері» және «Іле Алатауы» ұлттық табиғи парктеріндегі тарихи орындар көрсетіледі.
Бұл бағыт бойынша демалушыларға бизнес және эконом санатында қызмет көрсетіледі. Оның ішіне жатын орны, төрт мезгіл тамағы, тасымалы кіреді. Мәселен, эконом класындағы туристер бір аптаға 62 мың теңге төлесе, бизнес кластағылар 102 мың теңге төлеуі керек. Бағытты ұйымдас­тырушылардың айтуынша, бұдан өзге де нұсқалар бар. Мәселен, демалушы өз көлігімен жүремін, өзім тамақтанамын десе ақысы арзандай түседі.
«Алтын аймақ – Жетісу» туристік бағы­ты «Алтын емел»  мемлекеттік табиғи пар­кінен басталады. Саяхатшылар мұндағы қонақүй мен этноауылға тұрақтап, Күрең­бел өлкесінің ғажайыптарын тамашалайды. Оның ішінде көзтартары – Айқақұм. Биіктігі – 150 метр, ені – 240 метр, ұзындығы 3 шақы­рымды құрайды. Қалқан тауларының ортасында орналасқан құмды жотаның ерекшелігі жүрген сайын жердің дірілі сезіліп, ұшақтың гуілі естіледі. Табиғат құ­пия­сын ғалымдар талай рет зерттеуге тырысқанымен, нақты бір шешім айта алмаған. Белгілісі – сусып аққан құмның бір-бірімен үйкелісінен осындай дыбыс шығады. Дегенмен құмның жайылып кетпей, қайта төбе қалпына келуі әлі де адамзат баласы үшін жұмбақ болып отыр. Бұл паркте сондай-ақ құлан мен қарақұй­рықтарды да кездестіруге болады.  Бесша­тыр қорғаны мен Қатутау және Ақтау жоталарын да туристер басып өте алады. Содан соң Шарын шатқалын, Көлсай көл­дерін және де «Іле Алатауы» мемлекеттік  ұлттық табиғи  паркін  аралап қайтатын болады.
Серік ТҰРДАЛИЕВ, Алматы облысы әкімінің орынбасары:
 – Облыс көлемінде туристерге арнал­ған 10-нан астам бағыт бар. Қазір соларды жаңғыртып, барынша тиімді етуге тырысып жатырмыз. «Алтын аймақ – Жетісу» өте сәтті бағыт. Құны да қымбат емес. Бо­ла­шақ­та Балқаш және Алакөл көлдері жүйе­сін аралайтын жаңа бағытты іске қосамыз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста