«Алтын Еуропа» марапаты қазақ әншісіне берілді
Қазақстанның халық әртісі Нұржамал Үсенбаева Еуропалық өнер одағы тарапынан берілетін көркемөнер және мәдени қызмет саласындағы жоғары марапат – Golden Europea («Алтын Еуропа») иеленді.
Опера әншісі 4 қарашада Прагада өткен қайырымдылық гала концертінде өнер көрсетіп, елге алтын мүсіншемен және дипломмен оралды. Бұл туралы хабар таратқан astana.kz сайты аталған марапатты дүние жүзінде небәрі 20 адам иеленгенін айтады. Салтанатты гала-концерт прагалық Рудольфинумде жаман ауруға шалдыққан балаларды қолдау, оларды заманауи технологиялармен жабдықталған үздік медициналық мекемелерде емдеу үшін қаржы жинау мақсатында ұйымдастырылды.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу