«Алтын қалам» кімге бұйырады?

«Алтын қалам» кімге бұйырады?

«Алтын қалам» тәуелсіз әдеби сыйлығына үміткер 75 автордан 92 шығарма келіп түсті. Бұл туралы кеше өткен арнайы баспасөз мәслихатында байқауды ұйымдастырушылар жария етті.


Көркемсөзді тануға қаламгерлеріміздің қызығушылығы жылдан-жылға өсіп келеді. Қолына қалам ұстаған жас жазушыла­ры­мызды ынталандыру заман талабы болып отыр. Жас таланттар мен жаңа есімдердің қалың жұртқа танылуына ықпал ететін «Алтын қалам» тәуелсіз әдеби сыйлығы осы мақсатты көздейді. Жобаны ұйымдас­ты­рушылардың бірі Қуат Домбай: «Еліміздің рухани-мәдени дамуына жас таланттар мен жаңа есімдердің қалың жұртқа таны­луы­на ықпал ету үшін осы жобаны қолға алдық. Осынау ізгі ниетке құрғақ уәдемен емес, нақты ісімен қолдау көрсеткен жал­ғыз демеушіміз GSM Қазақстан/Kcell ұялы байланыс операторы болды», – деп мәлімде­ді. Байқауға ұсынылған шығармалар «Жыл­дың үздің прозасы», «Жылдың үздік поэзия­сы», «Жылдың үздік балалар шығар­ма­сы», «Драматургия», «Жылдың үздік іскерлік және ғылыми еңбегі» аталымдары бойынша сарапталды. Үміткерлерден әде­би туындылар үстіміздегі жылдың маусым айының 1-інен қыркүйек айының 1-іне де­йін қабылданды. Үш ай ішінде www.arzu.kz сайтына еліміздің әр өңірінде тұратын 75 автордан 92 шығарма келіп түсіпті. Ра­сул Жұмалының айтуынша, «Авторлар үш іріктеу кезеңінен өтті. Алғаш рет оқырман­дар талқыласа (көп оқылған әдеби шығар­малар байқаудың келесі кезеңіне өткізілді), одан соң ридерлік топ қарап шығып, әр көркем туындыға өз пікірлерін жазды. Осы­лайша ақтық мәреге жеткен үміткер туындылар қазылар алқасына ұсынылды», – деп мәлімдеді. «Алтын қалам» тәуелсіз әдеби сыйлығының алғашқы жинағын алдағы ҚР Тәуелсіздік күніне орайластырып, жарыққа шығару жоспарланған екен. Жеңім­паздарды марапаттау 8 қараша күні ұйымдастырылмақ.
Қуат ДОМБАЙ, «Алтын қалам» тәуелсіз әдеби сыйлығын ұйымдастырушылардың бірі:
 – Дүкен сөрелеріндегі қазақша кітаптардың аздығы, жас қаламгерлер шығармашылығын дамытуға мемле­кет тарапынан тиісті жағдайдың жасал­мауы, шетелдік авторлар жазған қызық­ты туындылардың қазақ тіліне кәсіби деңгейде аударылмауы қазақ жастары­ның рухани сұранысын ана тілінде қанағаттандыра алмауына себеп болып отыр. Сондықтан да қазақ жастары қа­ла­ған кітабын оқып, қажетін өтеу үшін өзге тілді меңгеруге мәжбүр. Біз осын­дай жағдайда айтылған түйткілдердің оң шешілуіне жеке үлесімізді қосу үшін дарынды қаламгерлерді қолдайтын «Алтын қалам» жобасын қолға алдық.

Досым СӘТПАЕВ, «Алтын қалам»  тәуелсіз әдеби сыйлығын ұйымдастырушылардың бірі, саясаттанушы:
 – «Алтын қалам» жобасы елге бел­гі­сіз жазушыларды іздейді. Осы жоба арқылы жеңімпаздар кітаптарын шы­ғара алады. Бұл жоба елге таныла ал­май жүрген таланттардың өсуіне ықпал етеді деп ойлаймын. «Алтын қалам»  тәуелсіз әдеби сыйлығын ұйымдастыру дәстүрлі түрде өтетін болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста