«Алтын жүрек» иелері марапатталды

«Алтын жүрек» иелері марапатталды

«Тәңірі, неткен жан еді қайрылмайтын, жүрегі еттен бе әлде қоладан ба?» деуші еді ғой Мұқағали. Расында, жетім менен жесірдің де жай-күйіне селт етпейтін мұзкеуде жандар бар да, керісінше жылағанның көз жасын сүртіп, соңғы тиынына дейін шын мұқтажға беруге әзір алтын жүрек иелері де бар. Арамыздағы сондай жомарт, қайырымды жандарға өз істеріне лайық құрмет көрсететін салтанатты шара «Алтын жүрек» сыйлығының беріліп келе жатқанына биыл бесінші жыл толыпты.
Марапаттау рәсімінің мерейтойына Түр­кия, Йордания, Германия секілді ел­дер­дің азаматтары арнайы келсе, сондай-ақ биыл ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Қазақстанның өркендеуіне қосқан үлесі үшін» аталымы қосылып отыр. Сонымен, биылғы «Алтын жүрек» сыйлығының иегерлері:
1. «Жетім балаларға көрсеткен қам­қорлығы үшін» номинациясы Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласындағы О.Сүлей­менов атындағы «Жетімдер мен мүге­дектер орталығы» мекемесінің ди­рек­торы Наталья Смыковаға табысталды. Себебі ол 1996 жылы интернаттар мен балалар үйінен шығып, далада қал­ған түлектерді жинап, соларға арнайы әлеу­меттік-бейімдеу орталығын құрған. Семей, Шар, Аягөз, Көкпекті, Үржардың бала­лар үйінен жиналған 400-ден астам түле­гін тәрбиелеп шыққан.
2. «Білімді дамытуға қосқан үлесі үшін» – Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Сайрам ауылдық округінің «Стандарт Цемент» ЖШС марапаттал­ды. Аталған мекеме өз қаржысына сол ауылдан 240 орындық типтік мектеп сал­дырған, оған 214 190 839 теңге қаржы жұмсалған.
3. «Мүгедек жандарға көрсеткен қамқорлығы үшін» – «Мэри Кэй» компаниясы;
4. «Спортты дамытып, қолдағаны үшін» – Алматы қаласындағы «Нұрдала» ЖШС құрылтайшысы Есей Өркен мырза марапатталды.
5. Сондай-ақ «Ардагерлерге көр­сеткен құрметі үшін» сыйлығы Ақтөбе облысы Ойыл ауданының Сәрбие ауы­лын­дағы «Жа­қып» шаруа қожалы­ғының жетекшісі Жұма­бай Жақып мырзаға бе­рілсе;
6. «Жыл меценаты» болып Астана­дағы ENRC Kazakhstan ЖШС танылды.
7. Ал «Ақпараттық қолдаушы» номи­нациясы бойынша арнайы сыйлық Қазақ­стан ұлттық телеарнасының «Жан жылуы» бағдарламасына табыс етілді.
Кешке Асылы Османова сынды қайрат­кер апамызбен қатар бір өзі бір емес, бірнеше жетім балаларды жетелеп, жеткізіп жүрген ерекше қайырымдылық иесі Әмина апай, мұқтаж жандарға қашанда көмек қолын созуға дайын меценат Нұртай Сәбиляновтар келіп жылы лебіздерін, қуаныштарын білдірсе, әнші Айгүл Иманбаева, әлемге әйгілі скрипкашы Арман Мырзағалиев, сондай-ақ итальянша ән салатын «Парасат» тобы, «Кешью» тобы, «Сәт» триосы өнерлерімен өрнектеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста