«Алтынай» МХБ ансамблі

«Алтынай» МХБ ансамблі

«Алтынай» мемлекеттік халық биі ансамблі 1985 жылы өнер зерттеушісі, тарихшы-этнограф Өзбекәлі Жәнібековтың ықпалымен өмірге келді. Хореография училищесін бітірген түлектерден құрылған бұл ансамбльдің алдына қойған негізгі мақсаты – қазақ халық биін насихаттау болатын. Концерттік бағдарламасы тек қазақ халық билерінен құралған ансамбль көрерменнің көзайымына айналды.
Қазіргі таңда ансамбльдің негізін құрап отырған - Республикамыздың түкпір-түкпірінен келген жас мамандар. Ұжымның репертуарында Ж.Байдаралиннің, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері М.Тілеубаевтың, Г.Орымбаеваның, Қытай Халық Республикасының І-дәрежелі балетмейстер-қоюшысы Н.Тайырдың, Ольга Всеволодская-Голушкевичтің және т.б. қойылымдары бар. Сонымен қатар, ансамбльдің бүгінгі күні қол жеткізген биіктеріне Тойған Ізімова, Үсен Мақан сынды би өнері шеберлерінің еңбегі зор.
«Алтынай» МХБ ансамблі облыс, республика көлемінде ғана емес, өз өнерін Въетнам, Лаос, Бельгия, Оңтүстік Корея, Үндістан, Непал, Түркия, Италия, Пәкістан, Мексикада және де тағы басқа шет елдерде паш етіп, еліміздің би өнерін насихаттады.
2013 жылы ансамбль бишілері «ТМД елдері гуманитарлық ынтымақтастығының Мемлекетаралық қоры»-ның қолдауымен жыл сайын «Достастықтың мәдени астанасы» айдарымен өткізілетін мәдени шара шеңберінде Әзербайжан Республикасында «Габала – культурная столица Содружества 2013 года» атты Гала-концертке қатысып, мыңжылдық тарихы бар көне Габаланы жеңісімен құттықтап, өз өнерлерін тарту етті.
Ансамбль ЮНЕСКО-ның мәдениет, білім сферасындағы бағдарламаларына қолдау көрсеткені үшін, мәдени мұраны сақтау жолындағы әрекеттері үшін «Алғыс хатымен» марапатталған.
2014 жылы «Аймақтар аламаны» республикалық телебайқауында облыс намысын қорғап, жүлделі ІІ орынға ие болып қайтты.
Қазіргі таңда ансамбль репертуарында 70-ден астам билер мен би қойылымдары бар. Ансамбль - еліміздегі «мемлекеттік» деген атағы бар үш ұжымның бірі. 2015 жылдан бері ансамбльдің көркемдік жетекші қызметін ҚР мәдениет саласының үздігі Смағұлова Гүлмира Дубекқызы атқарып жүр.
Ансамбль құрамында 24 биші, 1 бас балетмейстер, 1 би дайындаушы, 1 аккомпониатор, 1 костюмер, 1 жүк тасушы штаттық бірлігі бар.
Әр жылдары ансамбльді басқарған көркемдік жетекшілер:
1. Давлетьярова Роза Салимқызы
2. Ізім Тойған Оспанқызы
3. Исмайлов Али Маликұлы
4. Мальбеков Эдуард Жабашұлы
5. Қлышбаев Талант Жамбылұлы
6. Оспанова Гүлнар Қилашқызы

Алаш айнасы
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста