Алтынай Жорабаева: Ләйлә Сұлтанқызы намысыма тигенде еңіреп жылап жібердім

Алтынай Жорабаева: Ләйлә Сұлтанқызы намысыма тигенде еңіреп жылап жібердім

 Алтынай Жорабаева Ләйлә Сұлтанқызы өзін масқаралаған кезде ата-анасы мен бауырларының көзінше еңіреп тұрып жылағанын, мәселенің неден, қалай туындағанын Stan.kz-ке баяндап берді.

Авторлық бағдарламасына Алтынайды шақырып, соңында басы дауға іліккен Ләйлә Сұлтанқызының қылығы жуырда Қазнетті шулатқан еді. Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген Жорабаева болған оқиғаға қатысты бар шындықты баяндап берді."Ләйләмен сөйлескен кезде сені тікелей эфирге шақырамын деді. "Қойшы, қазір барлығы жеке өміріме қатысты болып кетеді деп едім, жо-жоқ ондай сұрақтар болмайды", – деді. Әке-шешеңді шақырып, қыздарымды шақырып сондай бір әсерлі сұхбат болсын деді. Жарайды, мақұл деп келістім. Тек отбасылық сұрақтар болмасыншы дедім. Содан кейін әке-шешем, бауырым, құрбымды ұшақпен алып келдік", – дейді Алтынай.

Алайда Алтынайдың жан-дүниесі тыныштала қоймаған. Ол әлеуметтік желіден Ақбота Сейітмағамбет қатысқан бағдарламаны көріп, Ләйләға қайта қоңырау шалады.

"Ләйләға хабарластым да, Ақбота деген жас әнші қыздың кішкене бір үзіндісін көріп қалдым. Сендер жолдасына қоңырау шалыпсыңдар. Сондай "сюрприз" болмайды ма дедім. "Жо-жоқ ондай да болмайды" деді. Тым болмаса сценарийді беріңдерші маған дедім. "Қазір саған қыздар хабарласады" деді. Содан кейін киім таңдап, бағдарламаның студиясына сай киінейін деп парақшасына кірсем, үстіме су құйып жібергендей болды. Өйткені, сол кезде ғана мен жайлы жазған мәтінді оқыдым да еңіреп тұрып жыладым", – дейді Жорабаева.

Сол сәтте әншінің жанында ата-анасы, ет-жақындары болған. Алтынай мән-жайдың барлығын түсіндіріп, желідегі жазбадан кейін бағдарламаға қатысудан бас тартады. Тіпті, өзінің Instagram-дағы парақшасы арқылы бармайтыны жайлы арнайы пост жариялайды.

"Жанайқайымды жазып, жылап жатып қалдым. Түнгі сағат 1-де директорым үйге келіп тұр. "Алтынай ханым, мына постты өшірсінші, алып тастасыншы деп" бір кісілер шығып өтініп жатыр деді. Бір сыйлы ағамыз екен. Сол кісіні сыйлаған соң, өшірдім", – дейді ашуға булыққан әнші.

Араларындағы түсініспеушіліктен кейін Ләйлә мен Алтынай бетпе-бет жүздеспепті. Тіпті, атышулы оқиғадан бері тележүргізуші Жорабаеваға хабарласпаған.

"Жоқ, кешірім сұраған жоқ! Білмеймін енді оны өзі біледі ғой. Әркімнің өзінің ішінде болып жатқан жағдайлар ғой. Ол кешірім сұрасын, сұрамасын деген менде ондай ниет жоқ. Әркім қалай түсінеді, оны өзі біледі енді. Ләйләға деген ешқандай жаман пікірім болмаса теріс пиғылым болған емес. Алла сақтасын. Тек қана "Тікелей эфир" бағдарламасының солай маған жасағаны жаныма қатты батты, шыны керек", – деп Алтынай Жорабаева сөзін қорытындылады.

Stan.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста