Алтынай Жорабаева қайда ем алып жатыр? (видео)
Осыдан бірнеше күн бұрын Алтынайдың Қытай жерінде ем алып жатқаны белгілі болды. Бұл туралы Gakku.kz хабардар етті деп мәлімдейді «Алаш айнасы».
Белгілі болғандай, Алтынай қалай ем алып жатқаны жайлы көпшілікпен бөлісіпті. Әнші аспанасты елінде Янь Вян Лиань атты дәрігерге қаралып жүрген көрінеді. Алтынайға ол дәрігерді жергілікті қандастарымыз ұсыныпты. Әншінің айтуынша, емхана орташа болғанмен, емі керемет екен.
Алтынайдың белі аурғанына бірнеше жыл болған көрінеді. Әншіге бұл дертке 2006 жылы жол апатына түскеннен кезде жабысқан.
Алтынайдың дер кезінде әлеуметтік желіге шығып, күнделікті, тыңдаушыларымен қауыша алмауына Интернет байланысының қиындығы себеп болған көрінеді. Сөз соңында әнші тыңдармандарын сағынғанын жеткізіпті.
alashainasy.kz