«Алып піл» бала тәрбиесіне оң әсер етпек
Мультфильм арқылы балаларды жат діни ағымдардан сақтандыруға болады. Осы мақсатты көздеген шымкенттік аниматорлар жаңа туындыны жарыққа шығарды.
«Сақ» студиясы түсірген «Алып піл» атты мультфильмінің алғашқы сериясын балалар емес, облыстың аудан-қалаларынан жиналған имамдар көрді. Аниматорлар осылайша туындыларын көпшілікке ұсынылар алдында дін өкілдерінің талқысына салуды жөн санапты. «Алып піл» тарихта «Піл оқиғасы» деген атпен қалған Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) туылған 570-жылы болған оқиғаның желісімен түсірілген. Аниматорлар 12 минуттық туындыны жасауға үш ай уақыт жұмсаған екен. Мультфильмнің сценарисі – Қазақстан аниматорлары ассоциациясының төрағасы Батырхан Дәуренбеков демеушілер табылып жатса, діни, танымдық туындылардың қатарын көбейтеміз деп отыр. Авторлар мұндай туындылар бала тәрбиесіне оң әсер ететініне сенімді.