Аман болсам, Шәмшінің 100 жылдығын да өзім өткізгім келеді

Аман болсам, Шәмшінің 100 жылдығын да өзім өткізгім келеді

Қалдыбек Құрманәлі, композитор:

– Биыл Астанада екі бірдей ән кешін өткізгелі отыр екенсіз. Дайындығыңыз қалай?
– Иә, қыркүйектің 17-сі – өзімнің, келесі күні Шәмшінің ән кешін өткізбекпін. Қазір соған қызу дайындық жүріп жатыр.
– Сіз былтырдан бері осы кешті «жанды дауыспен» өткізуді қолға алдыңыз. Осы орайда, «фонограмманы шектесек, қазіргі эстраданы күйретіп аламыз» деген пікірге қалай қарайсыз?
– Жанды дауыспен концерт өткізу оңай емес, тіпті өте қиын деуге болады. Біз Шәмші әндерін жанды дауыспен айтқызуды өткен жылы бастадық. Ал мұндай концертке үлкен жауапкершілік қажет. Оркестрдің, әншілердің дайындығы оңай жұмыс емес. Бірақ соған қарамастан, «егер фонограммамен ән айтуды шектесек, қазақ эстрадасы құлап қалады» деген шенеунікке айтар уәжім: қазақ эстрадасы ешуақытта да құламайды да, қирамайды да. Керісінше, жанды дауыспен осындай концерттер өткізгенде ғана нағыз тума таланттарды, үніне елді ұйытқан әншілерді ажырата алатын боламыз. Сонда ғана саф таза үнді, табиғи дауыстың тереңіне бойлап, әуезінде шарықтай аламыз.
– Сіздің Шәмші әндері кешін ұйымдастырып келе жатқаныңызға біраз жылдың жүзі болыпты. Осындай рухани кешті өткізу барысында «неден ұттық, неден ұтылдық» деп, қайырылып қарайтындай-ақ кезең екен...
– Иә, мен бұл жобаны 18 жыл бұрын бастап, 2010 жылдан тұрақты түрде жалғастырып келемін. Сондағы ойым – Шәмшінің әндеріне арналған кешті әр жылы әр телеарнаға түсіру болды. Мысалы, биыл – біреуі, келесі жылы басқасы дегендей. Бұлай етуге мына мәселе түрткі болды. Жыл сайын Шәмшінің туған күні болады. «Менің Қазақстаным» әні жазылған күні бар, қайтыс болған күні бар дегендей. Осы күндері Шәмшіні көрсетіп, еске алып тұрса деген оймен телеарналарға хат жазған едік. Сөйтсек, телеарналардың бәрі бірдей олай ете алмайды екен. Себеп – концертті түсірген телеарна оның көрсету құқығын 70 жылға дейін жеке-дара иеленіп алады екен де, басқа арналарға беруге құқығымызды шектейді екен. Осыдан кейін біз ақыры сонша ақша төлеп, концертті түсіруге телеарнаны шақырады екенбіз, онда түсіретін телеарнаны да жыл сайын ауыстырып отырайық деп шештік. Сонда он жылға жоспарлаған жобамыз аяқталғанда, елдегі республикалық он телеарнаның әрқайсысының бейнеқорында Шәмші әндерінің концерті болады. Міне, осындай ой мен мақсаттан туған сол жобамыз да аяқталып қалды. Биылғы концерттің бейнеқорында Шәмші әндерінің кеші жоқ «Астана» телеарнасы түсіретін болды.
– Естуімізше, сол концерттерді өткізу барысында Шәмшінің бұрын айтылмаған әндерін де айналымға қосып отырған көрінесіз...
– Иә, бүгінге дейін өткізіліп келген Шәмші әндері кешінің тағы бір ерекшелігі: біз оның елге танылмаған, бұрын еш жерде айтылмаған әндерінен жыл сайын екі әннен қосып отырдық. Мұны ешкім байқамай да қалды. Сөйтіп, 18 жылда мен Шәмшінің 36 әнін жарыққа шығарыппын. Олардың ішінде «Дүңген қызы», «Сыған серенадасы», «Өмір – өзен», «Арайлым – ақ Келес», «Құшақ жайған қандай адам» секілді әндер бар. Бұлардың бәрі ертеден бері айтылып келе жатқан әндер секілді болып кетті. Ал Шәмшінің 280-нен астам әні бар. Бірақ соның Шәмші көзі тірісінде 43-ін ғана Қазақ радиосының «Алтын қорына» өткізіпті.
– Ал ендігі уақытта қандай өзгеріс, ерекшеліктер болмақ?
– Келесі жылдан бастап жоба өзгереді. Әншілерді өзгертіп отырамыз. Яғни әншілер жылда айтып жүрген әндерін ауыстырады. Сонда «Айта, айта Алтайды, Жамал апам қартайды» болмайды. Кемшіліктерімізді де түзетеміз. Рас, осы уақытқа дейін сахнамыз жұпыны болып келді. Оны мойындаймыз. Кей әншілер ән сөзін қате айтып жүр. Мұны да ескереміз.
Мен Шәмші мұрасымен 1992 жылдан бері, 18 жыл бойы айналысып келемін. Алғаш Шәмші туралы «Ән аға немесе Шәмшімен сырласу» әнімді жазғанымда жасым 26-да ғана екен. Кім біледі, бір сәйкестік бар шығар, «Менің Қазақстаным» әнін жазғанда Шәкең де 26-да, ал Жұмекен Нәжімеденов 21-де ғана болған екен.
Кейбір композиторлар мені: «Шәмшіні жекеменшігіне, кәсіп көзіне айналдырып алды», – деп кейде сынап жатады. Менің оларға айтарым: егер қолдарынан келсе, біреуі – Үкілі Ыбырайдың, екіншісі – Ақан серінің, үшіншісі Біржан салдың кештерін өткізсін өз ақшасына. Қаншама мықты композиторларымыз бар, солардың бірінің кешін өткізіп тұруды мойнына алып, елге насихаттасын. Жоқ, олар өйте алмайды. Өйткені жақсылықтары өз бастарынан аспайды. Ал мен Шәмшінің кешінен түскен ақшаны Шәмшінің мұрасын насихаттауға жұмсап жүрмін. Шәмші кештерімен байып кетсем, журналын шығарып жатырмын. Болашақта мұражайын ашпақ ойым бар. Шәмшінің концертін соңғы тиынымды жұмсап ұйымдастырып, қаншама әншінің әніне оранжировкасын жасап беремін. Әншілерге қаламақы, мемлекетке салық төлеймін. Кейбіреулер мемлекеттен қыруар қаржы бөлдіртіп алып тұрып, дұрыстап кеш өткізе алмайды. Өйткені ақшаның жартысын қалтасына басады. Ал мен кеш өткізсем, өз ақшама өткізіп, тапсам, адал еңбекпен тауып жүрмін. Аман болсам, Шәмшінің 100 жылдығында жасым 64-те болады екен. Алла жазса, оны да өзім өткізсем деймін.
Айтпақшы, Шәмшіге қатысты шаруаны тек маған меншіктеу әділетсіздік болады. Шәмшінің алғаш фестивалін өткізуді қолға алған мемлекет және қоғам қайраткері Амалбек Тшанов мырза болса, оның Астанада өтуіне ықпал еткен сенатор Қуаныш Айтаханов, кеше ғана Шымкентте Шәмшінің 80 жылдығын керемет жоғары деңгейде өткізуге күш салған әкім Асқар Мырзахметов бар. Бұл азаматтар да Шәмші үшін екінің бірінің қолынан келе бермейтін елеулі қызметтер істеді.
Шәмшінің фәни өмірі қысқа болғанымен, екінші ғұмыры ұзақ. Көзі тірісінде Композиторлар одағына мүше болмаса да, талай теперіш көрсе де, халыққа қаншама ғажап әнін сыйлады. Халқын әлі күнге сол әндерімен тербетіп келеді. Халық Шәмшіні жақсы көреді, Шәмшіні іздейді, әндерін сағынады. Демек, ол – бақытты адам.
Бергенді бердім деп, алғанды  алдым деп айту керек. Биыл ғана мемлекеттен Шәмші Қалдаяқов атындағы халықаралық «Менің Қазақстаным» деп аталатын ән байқауын өткізуге 30 миллион теңге қаражат бөлінді. Енді сәтін салса, бұл байқау жыл сайын Астанада өтетін болады. Сондай-ақ Шәмші Қалдаяқов жайлы 52 минуттық деректі көркем фильмнің түсіріліміне Үкіметтен 12 миллион теңге бөлінді. Фильм Тәуелсіздік күніне орай, көрерменге жол тартқалы тұр.
– Сөз соңында өзіңізді күтіп жүрген көпшілікке шығармашылық кешіңіз жайлы айтып өтсеңіз...
– Менің ән кешім Астанада осымен екінші рет өткелі отыр. Себебі ертеректе «Қариялар азайып бара жатыр», «Кірмеші жиі түсіме», «Қиялдағы қалқа», «Ән аға немесе Шәмшімен сырласу», «Жайықтың толқындары» әндерім алғаш жарыққа шыққанда мені композитор ретінде көбірек білетін. Ал қазір бірыңғай қоғамдық жұмыстармен, сондай-ақ продюсерлік іс-шаралармен айналысып жүргендіктен, кейбір жастар менің ән жазатын өнерімді білмейтін сияқты. Сондықтан бұдан былай әлі айтыла қоймаған жаңа әндеріммен бірге сәтті шыққан туындыларымның басын қосып, Республика көлемінде концерттер беруді тұрақты қолға алмақпын. Соның бастамасы ретінде Астананың өнерсүйер қауымына шығармашылық кешімді ұсынып отырмын. Бағасын халық өзі бере жатар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста