Ән мен жырдың кенi едi...

Ән мен жырдың кенi едi...

Астаналықтар атақты әншi-сазгер Кенен Әзiрбаевтың 125 жылдық мерейтойын атап өтудi бастап кеттi. Кеше кешке, ымырт үйiрiлген шақта, елорда тұрғындары мен меймандары Президенттiк мәдениет орталығында өткен «Сағындым Кенен атамды» атты лекция-концерттi тамашалады. Бiрден айта кетейiк, көпшiлiк Кенен атаны әндерiмен ғана танып жүр. Ал кешегi кеште оның өнертанушылар тарапынан жоғары баға алған бiрнеше күйлерi де орындалды.
Әлқисса, лекция-концерт дегендi түсiндiре кетейiк. Оның кәдiмгi концерттерден ерекшелiгi – әрбiр орындалған туынды туралы барынша мол мағлұмат берiлiп отырады. Яғни ән-күй тыңдап ләззаттанудан бөлек, оның арғы-бергi тарихынан хабардар болып, бiлiгiңiздi де арттыра отырасыз. Мiне, осындай ұлағаты бар шараны Астана мемлекеттiк филармониясының Дәстүрлi ән бөлiмi 2005 жылдан берi үзiлiссiз өткiзiп келедi.
Кенен атаның шығармашылығына арналған концертке алыстан ат арылтып баласы Бақытжан Әзiрбаев та келiптi. Ол Кененге немерелерi Базар мен Назар қайтыс болғандағы қырғыз ақынының көңiл айтуын орындап бердi. Бақытжан Кененұлы әкесiнiң туындыларын орындаумен ғана шектелiп жүрген жоқ. Бұрын-соңды тасқа басылып, таспаға түспеген, өнер зерттеушiлерiнiң назарынан тыс қалып келе жатқан ән-күйлерiн де жинақтаумен айналысып келедi.
Кештiң тағы бiр аса құрметтi қонағы, Кененнiң кенже қызы – Ақбiлек. Ол – бүгiндерi Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның жары. Лекция-концертке Шерхан ағаның өзi де келiптi. Астана мемлекеттiк филармониясының өнерпаздары Алтынай Мамырова, Гүлмира Сарина, Гүлзира Бөкейханқызы, Күнсұлу Тұрлыбекова, Айгүл Елшiбаевалар Кенен мұраларын нәшiне келтiре орындады. Кеште халыққа соншалықты таныс емес «Алып қара құс», «Кененнiң құлақ күйi» секiлдi күйлер де орындалып, көрерменге таныстырылды.

Қайыржан МАҚАНОВ, Мәдениет қайраткерi, өнер зерттеушiсi:
– Кенен Әзiрбаев мұралары жеткiлiктi зерттелiп жатыр дей алмаймын. Қызы Төрткеннiң айтуынша, Кенен атамыздың артына қалдырған туындылары екi жүзге жуықтайды екен. Қазiрге дейiн оның 104-i ғана хатқа түсiрiлген. Яғни тағы да жүздей шығармасын бiз анық бiлмеймiз. Талай мұрасы адасып я болмаса басқа авторларға телiнiп те жүрген болуы мүмкiн. Мәселен, жалпақ ел жақсы бiлетiн «Ой, жайлау» дейтiн ән Кенендiкi болып шықты. Ол тiптi Кенекеңнiң көзi тiрiсiнде солай халық әнi атанып кеткен. Кенен «мынау менiкi» деп астына басып жатып алмаған, таласып-тартыспаған. Ел iшiнде орындалып жүргенiне, елдiң игiлiгiне жарап жатқанына көңiлi толып жүре берсе керек. Қазiр Кенекеңнiң баласы Бақытжан жақсы зерттеп жүр. Соңғы жылдары тiптi шындап кiрiскенi байқалады. Күнi кеше ғана Кененнiң шығармалар жинағын дайындап, басып шығарыпты. Баласының қолына ғана қарап отырмай, ел-жұрт болып қолға алуымыз, зерттеудi жалғастыруымыз керек.

Секен СЫЗДЫҚОВ, Астана мемлекеттiк филармониясы Дәстүрлi ән бөлiмiнiң жетекшiсi:
–    Кенен әндерiнiң кереметi мынада: әдетте бiз ол кiсiнi Жетiсу ән мектебiнiң өкiлiне жатқызамыз. Алайда анау-мынау әндi менсiне бермейтiн Арқада да, өзiндiк ерекшелiктерi бар батыста да, тiптi көне Түркi өнерiнiң өнегесi қалған Алтайда да Кенен Әзiрбаев әндерiн жатырқамай, жата-жастана тыңдайды. Мәселен, бала кезiмiзде әке-шешемiз «Базар-Назарды» айтып жүретiн. Егер бұл әндер соншалықты құдiреттi болмаса, күллi қазақ даласына дәл осылай кеңiнен тарай алмас едi. Сонымен қатар қандай бiр арнайы насихат арқылы емес, ауыздан-ауызға өздiгiнен тарап кеткен.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста