Ән түзелмей, сап түзелмейді

Ән түзелмей, сап түзелмейді

Күн бейбіт, соғыс жоқ. Алайда бүкіл мүмкіндіктерімен қоса кез келген уақытта қауіп-қатерін қатар ұсы­нып отырған мына заманда әрбір Қазақстан азаматының, оның ішінде тұрақтылығымыз бен тыныш­тығымызды көзінің қарашығындай қорғар жауынгерлеріміздің жауапкершілігін жеңіл­дет­пеуге жүктейді. Әңгіме – сол ел қорғаған әскер саласындағы сарбаз­да­ры­мыз шырқар ән туралы.
Әннің түрі көп қой. Соның ішінде әсі­ре­се әскери әннің орны бөлек. Мәселен, төрт құбыласы түгелденген елдерде ар­найы әскери ән, әскери әнұран, әскери марш жазатын маман-композиторлар бар. Және бұлар – біреу, екеу емес, тұтас мектеп.
Оны айтасыз, Ресейдің өзінде арнайы әс­кери музыкалық училище бар.
Жә, «Жоққа жүйрік жетпейді». Енді өз мә­селемізге оралайық. Жыл сайын рес­публикалық «Елім менің» атты пат­риоттық әндер байқауы өткізіліп жатса да, Тәуелсіз Қазақстанның төл әскері әскери әндерге зәру. Жауынгерлердің са­на­сын сергітетін, олардың сапта жүрген ке­зінде аяқ алысын, қимыл-қозғалысын ширататын, бір сөзбен айтқанда, сар­баз­дар­дың көңілін көкке серметіп, рухын көтеретін қанатты әндер керек. Қазақ жауын­герлерінің босаң, болбыр әндерді орындап бара жатқанын талай рет көрдім де. Ән түзелмей, сән түзелмейді. Жақсы ән әскердің айбынына – айбын, сесіне – сес, сұ­сына сұс қосады. Сар­баз­дардың әскери се­зімін оятатын – ән. Себебі әскердің, жауын­гердің әскери са­ла­дағы бірден-бір қаруы – ән. Осы мәселенің шешілуіне бәріміз атсалыс­қанымыз абзал болар еді.
Ежелден белгілі, бұрынғы қазақтарда «Жорық жырлары» деген болатын. Мұның өзінің әні болған. Әні де мығым, сөзі де мы­ғым. Осы жырды айтқан кезде «жасық жігіт­тердің өзі найзаға қалай жармасқанын білмей қалған» (Қадыр Мырза-Әлі). Мә­се­лен, қазіргі күні «Нұртуғанның термесі» деп орындалып жүрген ән – сол баяғы ата-бабаларымыздың «Жорық жырларының» бүгінге жеткен жұрнағы. Ол шырқалғанда жүрегі кеудесіне сыймай, байтақ да­ла­мыз­ды қорғау жолында қасықтай қаны қал­ғанша ерлік көрсеткен, дарқан далаға қал­қан болар бабаларымыз көз алдымызға ке­летіні сөзсіз. Енді бір дерек айтайын, белгілі қазақ ғалымы, әдебиет зерттеушісі Есмағамбет Ысмайылов 1942 жылы Мұрын жырау Сеңгірбайұлын көрген. Әй­гі­лі Сыпыра жырау, онан берідегі Абыл жы­рау, Нұрым жырау, Мұрат жыраудан келе жатқан дәстүрді жалғастырып, қазіргі ұрпаққа жеткізген. Мұрын жырау «Қы­рым­ның қырық батырын» жырлардың алдында қазақтың «Жорық жырларының» сарынын домбырамен әрлі-берлі жосылтып тартады екен. Неге? Жырау кейде шаршайды, кей­де қажиды, кейде көңіл күйі болмайды. Соның бәрінен арылып сергу үшін, серпілу үшін, қайратына қайрат, жігеріне жігер қо­су үшін Мұрын жырау «Жорық жыр­ла­ры­ның» сарынын домбырамен орындап, ойын да, бойын да жинап алады екен. Мұ­рын жырауды көрген, оның аузынан атақты «Қырымның қырық батырын» жазып алған Есмағамбет Ысмаилов осылай жазады. Адамның рухын қайрақша жанитын баяғы «Жорық жырларының» жұрнағы, сарыны әлі де бар. Арнайы мамандар іздестіріп, тауып, осы сарындарды қазіргі әскери ән­дер­ге ретімен келтіре білсе, нұр үстіне нұр болар еді.
Жақында мынадай бір көрініске тап бол­дым. Тұтас рота ән айтып бара жатыр. Әннің сөзі орысша. Оның үстіне әннің ар­қауы да босаңдау көрінді маған. Ұн­жыр­ғылары түсіңкі, қимылдары созалаң... Сарбаздар өзінің ән айтып бара жатқанын сезініп бара жатпағандай көрінді маған: бұ қалай? Болмайды бұлай! Біз шетелдерден қару-жарақ сатып алғанда ақша аямаймыз ғой. Дәл сол сияқты, әскери әндерден де ақша аямауымыз керек.


Армысың, айбынды сарбазым
сөзі – Б.Смағұл
өлеңі – Б.Алтаев

Өзіңнің аспаның – қорғасаң,
Өзіңнің жазираң – толғасаң,
Ата Заң – өзіңнің айбарың,
Өзіңнің аймағың, байрағың,
Армысың, айбынды сарбазым!

Сарыарқа төрінде сән құрып,
Астанам орнады мәңгілік.
Астана алаңын жайнатқан,
Намысын ақылға қайратқан,
Армысың, айбынды сарбазым!

Қайырмасы:
Мен-дағы ел үшін туғанмын,
Ел үшін, жер үшін құрбанмын.
Егемен Отаным ордалы,
Тәуелсіз елімнің қорғаны,
Армысың, айбынды сарбазым!

Осынау бейбіт күн, аспан көк,
Тарихта қалады дастан боп.
Тәуелсіз елімнің сырласы,
Тәуелсіз елімнің құрдасы,
Армысың, айбынды сарбазым!

Бас иіп көрмеген туғалы,
Алтын жал Алаштың ұлдары.
Салтанат, сап түзеп алаңда,
Даңқымды танытқан ғаламға,
Армысың, айбынды сарбазым!
Қайырмасы


Біздің Қарулы Күштеріміз (және оның әртүрлі салалық бөлімдері) жыл сайын әс­кери әндерге конкурс жариялап тұруы ке­рек. Конкурста жеңіп алған әннің авторына қомақты сыйақы беріп, жеңімпаз әндерді ұлықтап, республика деңгейіндегі барлық әскери оқу орындарына, әскери бөлімшелерге, кафедраларға, алғашқы әскери дайындық пәні оқушыларына тара­тып жаттату қажет. Және аталмыш оқу орын­дарының арасында тапсырыстағы үздік әндер байқауын жариялау қажет. Сонда кәсіби сазгерлер де, арнайы ма­ман­дар да әскери әндерге қарай бет бұрады. Әннің сөзін де талантты ақындарға жаз­ды­ру­ға тырысуымыз керек. Рухы биік жауын­гер қай жерде де өзінің рухының биіктігін көрсете алады: Майданда да, тәжірибе алаңында да, бейбіт өмірде де. Ал жауын­гер­дің рухын биіктететін бір амал – әскери ән. Ән арқылы патриоттық сезім оянады. Ме­ніңше, Отан қорғау сезімі мен патриот­тық ән – егіз. Жауынгердің бойында пат­риот­тық сезім болмаса, ол Отанының қорғаны емес. Әскери ән табанның тар­сы­лымен қоса, жүректің дүрсілімен бірге үндесін табу қажет. Ондай ән болмаған жағдайда сарбаздың қолындағы қару – қару емес, жай ғана қурай деп білейік. Сон­дықтан да әскери әндерге ерекше мән бер­геніміз жөн.
Өз көзіммен көрген жоқпын, көр­ген­дер­дің айтуына сенсем, көршілес Өзбек­стан­да әскери ән жазуға өзбектің ең мықты кәсіби композиторлары тартылыпты. Тіпті оларды міндеттепті. Мемлекет міндеттеген. Соның нәтижесінде мықты әскери әндер дү­ниеге келсе керек. Әйгілі Әмір-Темірдің заманындағы жорық жырларының сары­нын еске түсіретін, әні көне, бірақ мазмұны жаңа әскери әндер дүниеге келіпті. Бұл нені көрсетеді? Әскери әнге мемлекеттік тұр­ғыдан назар аудару керектігін.
Кезінде 100-ге қадам басқан Жамбыл ата­мыздың «Ленинградтық өренім» өле­ңімен жаралы жауынгер кеудесін оққа то­сып, жауға қарсы төтелесе, оқ бораған майдан даласында шынжыр табан танкінің үстінде 19 жасар талдырмаш қазақ қызы, Халық Қаhарманы Роза Бағланованың әні әлемді жаңғыртып, жеңіске жетелеген жоқ па еді? Сондықтан да Тәуелсіздігіміздің тұрақтылығы мен мемлекетіміздің қуат­ты­лы­ғын қамтамасыз ететін Қазақстан Рес­пуб­ликасы Қарулы Күштеріне 20 жыл толуына орай, мемлекет қауіпсіздігі үшін, ән­шілердің емес, әннің байқауында әскери патриоттық әндердің қоржынын толтырсақ «Лэйла-Лэйла, қал қалай? Келші, сәулем, бері қарай» сынды қатардағы болмашы әндер­ден қатардағы жауынгерлердің арылатыны хақ!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста