Ән тыңдағыңыз келсе, әмияныңыз тоқ болсын

Ән тыңдағыңыз келсе, әмияныңыз тоқ болсын

Қазақстанда алғаш рет орындаушылардың құқығын қорғайтын ұйым пайда болды. Енді орындаушылардың әндерін қойғаны үшін кез келген мекеме әншінің өзіне сыйақы төлейді. «Қазақстан орындаушыларының құқықтарын басқару қоғамының» бас директоры Әсет Блиевтің айтуынша, бұл – экономикасы дамыған елдердің барлығында бар үрдіс.

Орындаушылар мен фонограмма өндірушілерінің сабақтас құқықтарын қорғау мақсатымен құрылған ұйымға қазір елімізге белгілі 60-қа жуық әнші мүше болды. Оның ішінде атағы мәшһүр, күміс көмейлер – Роза Рымбаева, Нұрлан Өнербаев, Алтынбек Қоразбаев, Айжан Нұрмағанбетова, Батырхан Шүкеев, Бақыт Шадаева, Мақпал Жүнісова және бірнеше топтар да бар. Кеше ұйымды таныстыру мақсатымен өткен баспасөз мәслихатына қатысқан Орындаушылар құқығын қорғау комитетінің бастығы Ләйлә Сұлтанқызының айтуынша, алдағы уақытта ұйымға кіретін әншілердің саны артып, жыл соңына дейін оған елдегі барлық әншілерді мүшелікке қабылдау жоспарда бар. «Бұл көптен бері көкейде жүрген жоспар еді. Себебі орындаушылар өздерінің құқықтарының бұзылғанын айтып жиі шағым жасайтын. Кез келген телеарна, радиостанция халықтың көңілін көтеру үшін түрлі әуендер береді. Енді олар қойған әндері үшін әншілерге сыйақы төлейтін болды. Сыйақы ұйымға түсіп, оны ай сайын әншілердің өздері келіп алып тұрады», – дейді Л.Сұлтанқызы. Оның айтуынша, сондай-ақ мейрамхана, кафе, басқа халыққа қызмет көрсететін орындардың барлығы да орындаушылардың әндерін бергені үшін өздеріне сыйақы төлейді. Бұл Ресей, Украина сынды өзге елдің барлығында бар заң екен. Л.Сұлтанқызының түсіндіруінше, халықтан алған ақшаларынан әншілер Үкіметке ешқандай салық төлемейді. Дәстүрлі әндерді орындаушыларға қатысты да осыны айтуға болады. Иә, орындаушылар құқығының қорғалғаны дұрыс шығар, бірақ мұнан кейін қазақ әндеріне тіпті зар болып кетпесек болғаны. Себебі онсыз да тыңдарманы аз қазақ әндері үшін сыйақы төлегенше, мейрамхана иелері өзбектің, не басқа да ұлттың әндеріне тапсырыс бергенді дұрыс санауы мүмкін ғой?!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста