Ана ескерткіші орнатылды

Ана ескерткіші орнатылды

Алматы – Қаскелең тас жолы бойында аналар бейнесіне арналған ескерткіш бой көтерді. Тас жолдың Алматыдан шыққандағы 26-шақырымында, Радуга ауылының түбінде орнатылған ескерткіштің ашылу рәсімі өткізіліп, аналар рухына бағышталып хатым түсірілді.

Жергілікті кәсіпкерлер мен ел аға­ла­ры­ның қолдауымен қалан­ған бұл ескерткіш өзінің қайта­лан­байтын көркемдігі­мен ерекшеленеді. Тас тұғырдың үстіне нәрестесін ұстаған ана бейнесі мен бесік сомдалған. Тұғырға «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, қарызыңнан құтыла алмайсың», «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербейді» деген халық даналығы жазылған. Тұғырдың биіктігі — 3 метр, ал ана мүсінінің биіктігі 4 метрге жетеді. Ескерткіштің тұ­ғыры Күртінің гранитінен қаланса, мүсін қоладан құйылған.
Жалпы, ескерткішті жасауға жарты жылдай уақыт кеткен. Мүсінші Елдос Бек­сұлтанның айтуынша, бұл оның үлкен ескерткіш ретіндегі алғашқы жұмысы екен. Ал ана тақырыбы бойынша тас жол бойындағы ескерткіш – Елдостың екінші туындысы. Оның осы ана мен балаға тұр­ғызған мүсіндерінің алғашқысы қазір Тұңғыш президент қоры саябағына қойылған.
Аталған ескерткіштің ашылу рә­сі­мінде бүгінгі күнде ел қала­ла­рындағы ана та­қыры­бындағы ес­керт­кіштердің аздығы да айтылды. Алматыдағы Тәуелсіздік мо­ну­менті кешенінде, сондай-ақ Жел­тоқсан кө­терілісі құрметіне қо­йылған ес­керткіш­терде ана мүсіні қойыл­ғанымен, әлі күн­ге ана тақы­рыбына арнайы дер­бес ес­керткіштің жоқ екендігі белгілі. Бір қы­зығы, елдегі ана мүсіні қамтылған ес­керт­кіштердің көбі басқа тақырыптар ая­сына шоғырланған. Сондықтан да Алматы – Қаскелең тас жолы бойын­дағы ана­лар бей­несіне арнайы тұрғызылған ескерт­кіштің өзіндік ерекшелігі бар деуге негіз бар.
Ескерткіштің неге тас жолдың
26-ша­қырымына тұрғызылған­ды­ғын жи­нал­ған­дар бұл жерде белгілі ел ағаларының аналары жерленгендігімен түсіндірді.
Айта кету керек, Алматының жоғары жағынан Алатауды бөктер­лей салынған осы тас жолдың бо­йында бұдан басқа ешқандай ескерткіш жоқ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста